Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Маңғыстау-Ақтөбеде пойызының жолсеріктері наразылық білдірді

AstanaTV
13.10.2020ж. 20:00
11763
Маңғыстау-Ақтөбеде пойызының жолсеріктері наразылық білдірді

"Сырты бүтін, іші түтін". Бұл сөзді осы күнде жолаушылар вагонын қатысты айтса болады. Батыста, Маңғыстау-Ақтөбе пойызының жолсеріктері бүгін ақпарат құралдарына осындай уәжін жеткізді. Сөздеріне қарағанда, сырты жылтыраған, іші қалтыраған вагондарда, ешқандай санитарлық талаптар сақталмаған. Толығырақ тілшіміздің бейнематериалында.

Шыдамның да шегі бар. 30 жылдық еңбек өтілі бар жол серіктері бүгін, жұмыс берушілеріне қарсы шықты. Маңғыстау-Ақтөбе бағытында, "адам өміріне қауіпті" вагондар жүрген көрінеді. Жеке меншік қолға өткенде жағдай қиындай түсіпті.

Гүлшат СИСЕНОВА, ЖОЛСЕРІК:

Талабымыз бізді үкіметке қайтарсын. Жекеде болғымыз келмейді. Жеке бүкіл трудовой договорды бұзып отыр. Қазіргі жағдай техникалық состояниеге сай емес. Кешегі жазды күні плацкарттар дизельмен жүрді. Кәдімгі дизтопливамен. Пожарный безоспастность қайда? Жолаушылар өртенгенде бір моментте өртеніп кетеді.

Гүлнәр ЖАМАНОВА, ЖОЛСЕРІК:

Қыста вагондар қатады. Қыста таулет қатады. Титан қатып қалады. Перекачка воды системаға су келтіру керекпіз ғой. Ол бес перекачкадан келі керек. Біз үш жүз рет перекачка жасаймыз. Біз темірміз ба?!

Вагон жағдайы ғана емес, жұмыс жағдайы да сын көтермейді, дейді жолсеріктер. Еңбек кодексі өрескел бұзылған. Пандемия басталғалы бері ахуал тіпті қиындай түсіпті.

Мейрамгүл ШҮКІРОВА, ЖОЛСЕРІК:

Окладтан елу пайыз төлеп отыр. Ол алпыс мың теңге бізге немізге жетеді. Мен жалғыз басты анамын. Төрт бала бағып отырмын. Мен сияқты талай проводник бар. Кредит төлей алмай отырмыз. Отсрочка бітті. Немді төлеймін.

Бұл бағыт жеке меншікке өткен жылы өтіпті. Жарияланған тендерді, серіктестіктердің бірі 20 жылға ұтып алыпты. Олардың да айтары бар. Кәсіпорын басшылығы, "Жолсеріктерінің айыбы негізссіз", дейді.

Серік БҰХАРБАЕВ, «OTPAN LOGISTIC» ЖШС АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ӨКІЛІ:

Компанияға бір жыл болды. Бірден бастап новый вагон даже үкімет ала алмай отыр. Жайлап-жайлап вагондар өзгертіледі. Вагон алу үшін доход керек. Бізде деген алты ай пандемия болды. Состав тұрды жұмыс болған жоқ.

Жол серіктері болса бағыт мемлекет меншігіне қайтуы керек деген пікірде. Арыз жазып, қол жинап құжатты олар Маңғыстау облыстық көлік прокуратурасы мен еңбек инспекциясына және тағы басқа құзырлы органдарға жолдапты. Енді тағы бір хатты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жібермек.

Б. Рахметова