$481.84 €531.33 ₽5.07
×

Түркістан қаласында «Өмір» жобасы аясында алынған тыныс алу аппаратының саны 52-ге жетті

AstanaTV
13.10.2020ж. 20:00
1499
Түркістан қаласында «Өмір» жобасы аясында алынған тыныс алу аппаратының саны 52-ге жетті

Түркістан облысында «Өмір» және «Шипа» жобалары аясында, тағы 31 жасанды тыныс алу аппараттары алынды.  Медициналық жабдықтарды «Nur Otan» партиясының жергілікті филиалы ауруханаларға жеткізіп берді. Мұның алдында ғана бас партия өкілдері 21 құрылғыны тапсырған еді. Филиал төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаевтың айтуынша, "Пандемияға қарсы күресте босаңсуға жол жоқ". Игі іс мұнымен шектелмеді. Нұротандықтар бүгін сондай-ақ, 200 мұқтаж отбасына дәрі-дәрмек қорапшаларын жеткізіп берді. Жоспар бойынша, барлығы 600 отбасына көмек көрсетілуі тиіс. «Өмір» және «Шипа» жобаларына жергілікті кәсіпкерлер қолдау көрсеткенін атап өткен жөн.

Бейсен ТӘЖІБАЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Мұндағы дәрілер негізінен жергілікті денсаулық сақтау басқармасының тізімі негізінде дайындалған дәрі-дәрмек тізбесі болып табылады. Бұл кезге дейін 400 –ін осы облысымыздағы мұқтаж отбасыларға осы дәрі-дәрмек қобдишасын тегін беріп келеміз. Бұл жобалар жаңадан осы күздің екінші толқыны кезеңіне байланысты тағы да белсенді түрде арттыратын боламыз.

А. Төребекқызы