Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Қазақстандықтар қиын кезде қол ұшын созып жатқан «Birgemiz» қорына алғыстарын жаудыруда

Қазақстандықтар қиын кезде қол ұшын созып жатқан «Birgemiz» қорына алғыстарын жаудыруда

Қазақстандықтар қиын кезде қол ұшын созған «Birgemiz» қорына жер-жерден алғыстарын жолдап жатыр. Елбасының бастамасымен кешеден бері елдің әр түкпіріндегі 70 мыңнан астам отбасыға  аталған қордан қаржылай көмек берілуде. Қазанның 15-іне дейін 100 мың отбасын қамту жоспарланып отыр. Уәделі ақша есеп-шотына түскен тұрғындар Елбасы мен «Nur Otan» партиясына әлеуметтік желілер арқылы ризашылығын білдіріп, мұның коронавирус пандемиясы кезіндегі үлкен көмек деп отыр.

БЛИЦ:


- Елбасына, «Нұр Отанға» көп-көп рақмет! Бөлінген қаржылай 50 мың теңгені алдым. Істеріңіз алға баса берсін!

- «Біз біргеміз» қорынан 50 мың теңге алып жатырмыз. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа мың да бір рақмет айтамыз!

- Мен жеті баланың анасымын. Маған бүгін «Біз біргемізден» 50 мың теңге келіп түсті. Осындай халықтың жағдайын ойлаған Елбасымызға үлкен алғысымды білдіремін.


Birgemiz» қоры биыл наурыз айында Тұңғыш Президент, «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған болатын. Мақсат пандемия кезінде мұқтаж жандарды қолдау. Сол кезден бері 550 мыңнан астам азамат бір реттік 50 мың теңгеден қаржылай көмек алған.

Е. Карин