Елдің экологиялық жағдайы мәз емес. Арал теңізінің тартылуынан бастап, қоршаған ортаның ластануына дейін түйіткілдер шаш етектен. Оны жеделдетіп шешу қажет. Бүгін «Nur Otan» партиясының «Құқықтық кеңесі» жаңа экологиялық кодекстің келелі мәселелерін талқылады. Ғалымдар мен құзырлы ведомство өкілдері жаңа заң жобасын жетілдіру жолдарын ұсынды. Айтуларынша, жаңа кодексте табиғат пайдаланушыларға кешенді экологиялық рұқсатнама берілмек. Мұндай құжатқа ие болған кәсіпорындар өндіріс орнындағы қоршаған ортаны сақтауға 10 жылға кепілдік береді. Құқықтық кеңес төрағасы осылайша, табиғатты ластаушылар тек эмиссиялық төлем төлеп құтылмай, жергілікті жердегі қоршаған ортаның бұзылмауын қадағалайды,-деді. Жиында айтылған ұсыныстар мен өтінімдер Мәжіліс қаралымына жолданбақ.
Қанат МУСИН, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
Қоршаған ортаны қорғау мәселесінде проблемалар көп. Жыл сайын экология зиянды заттармен ластануда. Мұны барынша азайту керек. Бұл ретте экологиялық кодекске енгізілетін өзгерістерді мұқият зерттеу қажет. Мұндай қадамға еліміз қаншалықты дайын? Барлығын сүзгіден өткізген кезде ғана, жағдай реттеледі деп ойлаймын.
Ғ. Өтемісов