Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Семинар мен симпозиум өткізуді қысқарту керек, - Н. Нығматулин

AstanaTV
15.10.2020ж. 20:00
1914
Семинар мен симпозиум өткізуді қысқарту керек, - Н. Нығматулин

Семинарлар мен симпозиумдарға жұмсалатын шығындарды қысқарту қажет. Ал үнемделген қаражатты әлеуметтік маңызы бар жобаларға бағыттау керек. Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин бүгін төменгі палата жиынында осыны жеткізді. Мәселені бірізділікке салу үшін «Nur Otan» фракциясының жетекшісіне нақты тапсырма жүктеді. Мемлекеттік органдармен бірлесіп, алдағы 3 жылдық республикалық бюджетті пысықтауды тапсырды. Сондай-ақ, жиын барысында халық қалауылары ауыл-аймақты ауыз сумен қамту, фельдшелік-акушерлік бекеттер мен дәрігерлік амбулаториялардың қажеттілігі туралы мәселе көтерді. Мәжіліс төрағасының пікірінше, квазимемлекеттік сектордағы игерілмеген ақшаның бір бөлігін де осы мақсатта жұмсауға болады. Нұрлан Нығматулин фракция ел билігінің тапсырмалары мен партияның сайлауалды платформасын орындауға басымдық беретінін жеткізді.

А. Мүтәлі