Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Алматыда ағылшын тіліне аударылған Мұхтар Əуезовтың кітабы таныстырылды

AstanaTV
20.09.2017ж. 20:00
4100
Алматыда ағылшын тіліне аударылған Мұхтар Əуезовтың кітабы таныстырылды

Алматыда ағылшын тіліне аударылған Мұхтар Əуезовтың кітабы таныстырылды. Қазақтың классик жазушысының "Қаралы сұлу" туындысы The Russel Press баспасы арқылы жарыққа шықты. Бұл кітап "Amazon" интернет кітап дүкенінің сайтына қойылды. Жақын күндері британдық жоғарғы оқу орындарының кітапханаларынан да орын алады.

Осылайша, Мұхтар Əуезовтың еңбегі халықаралық "Біз қазақпыз" жобасы аясында өзге тілге аударылған кітаптар қатарын толықтырып отыр. Бұған дейін ағылшын тіліне Мұқағали Мақатаев, Олжас Сүлейменов, Əбіш Кекілбаев және  басқа да қаламгерлердің шығармалары аударылған.