$487.37 €532.94 ₽5.09
×

Бюджетті орталықсыздандыру тақырыбы талқыланды

AstanaTV
27.09.2017ж. 20:00
3588
Бюджетті орталықсыздандыру тақырыбы талқыланды

Бюджет шығындарын оңтайландыру аса маңызды. Ол үшін фискалды орталықсыздандыру саясатын жалғастыруға тиіспіз. "Нұр Отан" партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов осылай деді. Бұл мәселе Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауында айтылған.

Бүгін партия жанындағы саяси зерттеулер орталығы "Зерде" пікірталас клубының ұйымдастыруымен осы тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Отандық және шетелдік сарапшылар күн тәртібіндегі өзекті мәселені талқылады. Жаңа бюджеттік саясатты жасақтау әлемдік тәжірибеде бар. Бұл әсіресе, қазына қаржысының негізгі бөлігі мұнай шикізатын сатудан құралатын Қазақстан экономикасына да қатысты. Барлық мемлекеттік органдардың даму бюджетіне талдау жасау, сонымен қатар жергілікті органдар бюджетінің жасақталуы да сөз болды. Бұл мәселе заңнамаларда қарастырылған, әйтсе де жүзеге аса қойған жоқ. Өйткені механизмдері әлі де жетілдірілуі керек. 

Қанат Оспанов, «Нұр Отан» партиясы стратегиялық зерттеулер және саяси сараптама орталығының бөлім меңгерушісі:

Ақша оңайшылықпен келмейді енді Қазақстанға, сондықтан біз барынша жүйені,  бюджеттік механизмдерді дамытуымыз керек. Бюджеттің әрбір тиынын үнемдеу үшін, жергілікті органдарға сәйкес құзіретті беру, олардың дербес бюджеті болуы керек.