Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Алматыдағы мәйітхана директоры 14 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді

AstanaTV
15.10.2020ж. 20:00
3498
Алматыдағы мәйітхана директоры 14 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді

Алматыдағы мәйітхананың басшысы қамауға алынды. Ол 14 млн теңге пара алды деген күдікке ілінген. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі хабар таратты. Олардың дерегінше күдікті қомақты қаражатты кәсіпкерден алған.

Данияр БИҒАЙДАРОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ АҒА ТЕРГЕУШІСІ:

Ол салынып жатқан «Қалалық патологоанатомиялық бюрода» медициналық жабдықтарды жеткізу бойынша қабылдау актілеріне қол қойғаны үшін кәсіпкерден 14 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Күдіктіге қатысты екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Ә. Лесбек