Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Балық қорғаушылар теңіз браконьерлерінің еркінсіп кеткеніне алаңдаулы

AstanaTV
19.04.2016ж. 20:00
1814
Балық қорғаушылар теңіз браконьерлерінің еркінсіп кеткеніне алаңдаулы

Атырауда балық қорғаушылар теңіз браконьерлерінің көптігіне алаңдайды. Бекіре - 2016 шарасы аясында кезекті тексеруге шыққан инспекторлардың оларды тоқтатпақ болған әрекетінен түк шықпады. Балық қорғаушылардың моторлы қайығы 400 аттың күшімен тең байданың шаңына ілесе алмай қалды.

Каспийде балық аулау маусымы басталғалы тыныштық кетті. Моторлы қайықтар тас жолдағы көліктер секілді қаптап кеткен. Бұлар қолында рұхсаты бар балық кооперативтерінің балықшылары. Инспекторлар құжаттарын тексерген соң бөгелмейді. Дегенмен арасында заң бұзатындары бар. Мысалы, мына жігіттер тиым салынған қытайдың ауларын алып шыққан. 

Бауыржан Ақжігітов, балықшы:

Балық аулау керек, семья асырау керек. Бәрі салып жүр, барып қараңыз. 5-6 күнде бір келесің. Толқын. Сазан бар ма деп, 150-200 келі алып, тапсырамыз.

Қытайдың аулары балықты көптеп аулауға қолайлы болғанымен, су жануарлары үшін зиянды. Тек балықшылар мұны елемейді. Ал инспекторлар  түсіндірме жұмыстарын жүргізіп әлек.

Жилковый ауларды салуға болмайды. Түскен балықты қысып қалады, өліп қалады. Қытай ауларына барлық жерде запрет беріп жатыр қазір.

Инспекторлар теңізді 3 сағатқа жуық бақылағанымен браконьерлер назарға ілікпеді. Бірақ бұл- теңізде балық барымташылары жоқ,- деген сөз емес. Керісінше, балық қорғаушылардың арасында  олардың тыңшысы болуы мүмкін,- дегенге саяды. Оны инспекторлар да жоққа шығармайды. 

Нұрболат Қаратекеев, табиғи ресурстарды қорғау бөлімінің бас маманы:

Браконьерлер көбіне терең жерлерде аулайды. Рұхсат етілмеген Жамбай жағынан келіп аулайды.

Базаргүл Нәдірқызы, тілші:

Біз Каспий теңізінің оң жақ жағалауында жүрміз.  Оңай олжаға кенеліп, байлыққа белшеден батқысы келетін броконьерлердің де көздегені осы-ашық теңіз. Алайда оларды бүгін кездесітру мүмкін болмады. Балық инспекторларының кезекті тексеріске шыққанын олар да біліп қалса керек.

Бірақ қос моторлы байдамен жарақтанған браконьерлер үшін балық инспекторлары  кедергі емес. Міне  олар. Бар жылдамдықпен зулап қасымыздан өте шықты. «Тоқта» деген белгіге пысқырып та қарамады. Қуып жетпек болған әрекеттен де түк шықпады.

Азиз Нұралиев, Атырау облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы бөлім басшысының м.а.:

Байда бізден 8 метрдей жерде болды. Оны бір моторлы  қайықпен қуып жету мүмкін емес. Бұл жигули мініп, мерседес қуғанмен бірдей. Қуаты жетпейді. Техникамен жарақтандыру өте нашар. Инспекцияда  мұндай екі моторлы байданы қуып жететін техника жоқ.  Біз оларды тек моторы бұзылып тоқтап қалған жағдайда ғана ұстай аламыз. 

Сондықтан балық қорғаушылардың Жайық өзеніндегі рұхсаты бар балықшыларды тексеруден басқа амалы жоқ.  Дегенмен Балық аулау маусымы басталған 1 сәуірден бері 250 заң бұзушылық анықталып, 37-сінің үстінен қылмыстық іс қозғаған. 14 тонна балық тәркіленді, оның 1 тоннадайы бекіре тұқымдас балықтар.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ