$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Әлеуметтік желіде есекті сауып, оның сүтін сатып жатқан фермер жайлы ақпарат тарады

AstanaTV
19.10.2020ж. 20:00
7061
Әлеуметтік желіде есекті сауып, оның сүтін сатып жатқан фермер жайлы ақпарат тарады

Мына бейнежазба әлеуметтік желіде желдей есіп жүр. Таразда есекті сауып, сүтін сатып жатыр дейді. Редакциямызға хабарласқан шаһар тұрғыны, есек фермасынан арнайы түсірілген бейнежазбаны жолдаған. Айтуынша, бұл ақпарат қала тұрғындарын даурықтыруда. Мәселенің мән-жайын анықтамақ болып жергілікті Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау басқармасы мен құқыққорғаушыларға жүгінген. Алайда олардан, көңілге медеу болар жауап ала-алмапты.

Ұлболсын ОҢҒАРОВА, ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Полиция мен СЭС-ке хабарласып едім, олардан ақапрат фейк болуы мүмкін деген жауап алдым. Бұл мәселенің анық-қанығы анықталғанын қалаймын. Тіпті дүкеннен сүт алуға қорқып қалдық.

Тараздықтарды даурықтырған ақпарат қаншалықты шындыққа жанасады? Фейк пе әлде рас па? Анықтап көруге тырыстық. Дәл қазір бізбен тікелей байланысқа Жамбыл облысы аумақтық ветеринариялық иснпекциясының басшысы Жандар Қоекиев шығып отыр. Жандар Миятұлы, қайырлы кеш! Бейнежазбаны көрдіңіз, шағымданушылардың арызын тыңдадыңыз. Бұл қаншалықты рас? Тексеріп көрдіңіздер ме?

Жандар ҚОЕКИЕВ, ҚР АШМ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ АУМАҚТЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Мұндай жазбаның тарап жүргеніне бір аптадай уақыт өтті. Қазір Жамбыл облысы бойынша іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Әзірге ешқандай нақты дәлел анықталған жоқ. Бұл фейк ақпарат екенін айтқым келеді. Алайда әрі қарай да іздеуді жалғастыра береміз.

Түсінікті, Сұхбатыңызға рақмет! Әрі қарай да тексерісті күшейтіп, мәселені аяқсыз қалдырмайсыздар деп сенейік.  Қымбатты көрермен, сізді де толғандырған жайттар болса, төтенше жағдайдың куәсі болып жатсаңыз - экранда көрсетілген байланыс нөміріне хабарласыңыз. Аудио немесе видео жолдаңыз. Біз сізбен бірге тікелей эфирде жауабын іздейміз.


Ғ. Өтемісов