Шығыс Қазақстан облысы Мақаншы ауылындағы полиция бөлімшесінде күдікті қайтыс болды. Марқұмды тәртіп сашылары азаптап өлдірді деген болжам бар. Қазір әлеуметтік желіде күдіктіні іздеп барған ет жақындарының түсірген видеосы тарап жатыр.
Қайтыс болған азаматтың жасы 33-те болған. Полиция бөліміне ол мал ұрлады деген күдікпен жеткізілген. Қайғылы оқиғаға Ішкі істер министрінің өзі араласты. Ол мән-жайды анықтау үшін Үржар ауданына облыстық полиция департаментінің басшысын арнайы жіберген. Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталып кетті.
Сағат МӘДИЕВ, ШҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:
Қайтыс болған азаматтың отбасына Үржар ауданының әкімімен бірге барып, оның достары мен жақындары келтірген дәлелді тыңдап қайттым. Олардың да шағымы қарастырылып жатыр. Марқұмның туыстары мен достарына тағы да қайғыра көңіл айтамын. Кінәлілер сөзсіз заңды түрде жазасын алады.
А. Мүтәлі