Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Коронавирустың екінші толқынына Қазақстан толық дайын емес

AstanaTV
19.10.2020ж. 20:00
3255
Коронавирустың екінші толқынына Қазақстан толық дайын емес

Елде келесі аптадан бастап кинотеатрлар өз жұмысын бастайды. Ведмоствааралалық комиссия осындай шешім қабылдады. Сонымен бірге сауда ойын-сауық орталықтары мен жабық базарларға сенбі күні сағат 5-ке дейін жұмыс істеуге рұқсат берілді. Ал, мейрамханалар мен түнгі клубтар үшін қолданыстағы тыйым өзгеріссіз қалмақ. Тақырыпты Асылбек Данияр жалғастырады.

Дүйсенбіден бастап жұмысы жанданатын кинотеатрларға қойылатын талап қатаң. Олар, санитарлық талаптарды сақтай отырып, залдың толығуын 30 пайыздан асырмауы шарт. Көрермендердің барлығы маскамен отыруы керек. Ал, мемлекеттік шекарадан өткізу бекеттерінде бақылау күшейтіліп, халықаралық әуе рейстерінің саны қысқартылады.

Асқар МАМИН, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Шетелден келген, оның ішінде қазақстандық азаматтары үшін де ПТР тестінен өткені туралы анықтаманың жарамды мерзімін 3 күнге дейін белгілеу. 19 қазаннан бастап ел аумағындағы өңірлік зертханаларында ПТР-тестілеу құны 9 мың теңгеге дейін төмендетілді. Сырқаттанушылық өсімі болмаған, эпид жағдай тұрақты аймақтарда бизнес субъектілерінің қызметін кезең-кезеңмен қайта жанданады.


Эпидемиологиялық ахуал тұрақты дегенмен, Қазақстанның бірқатар аймақтарында шектеу шаралары күшейтілді. Қазірше Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласында карантин қатаңдатылған жоқ. Бұдан бөлек, Қарағанды-Нұр-Сұлтан тас жолы мен Қостанайдың шекаралық аймақтарында блок-бекеттер қойылды.

Владемир НЕЧИТАЙЛО, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС МЕМЛЕКТТІК САНИТАР ДӘРІГЕРІ:


Біз Ресей Федерациясымен шектесетін аудандарға санитарлық бекеттер қоюды жоспарлап отырмыз.  Өйткені, Челябинский ауданында індет жұқтырғандардың саны өсіп барады.


COVID-19-ды зерттеп жүрген Әкім Тұрсынның айтуынша, болуы ықтимал толқынға еліміз толық дайын емес. Қажетті құрал-жабдықтар бар болғанымен, онымен жұмыс істейтін дәрігерлер тым аз. Оның үстіне, оларға берілу тиіс үстем ақы мәселесі де көңіл көншітпейді.

Әкім ТҰРСЫН, "Q MED" ҰЛТТЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕДИЦИНА ПАЛАТАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Түрлі аймақтарда бюрократиялық кедергілер болып жатыр. Кейбір мекемелерде айлығына қосылып берілуі керек болған үстем ақылары берілмеген. Сондай нюанстар көп. Сол жағынан дайындалуымыз керек. Иә, мың жерден қаншама ИВЛ аппаратын алғанымен, қаншама больницаларды салғанымен ертең ол жерде кім жұмыс істейді деген мәселе бар. Мысалы, ол жерге бір рет беті қайтып қалған адам екінші рет барып келгісі келмейді.

Әлем ғалымдары қытайлық індетке қарсы дәрілік препараттар мен вакцина әзірлеуге білек сыбана кірскен. Вакцинаға үміт артатын адам көп әрине. Дегенмен, бейресми медицинаға да үміт артатындар аз емес. Мысалға қарағандылықтар, "Коронвирусқа қарсы иттің еті шипалы", дегенді шығарыпты. Бұл қаншалықты дұрыс?

Әкім ТҰРСЫН, "Q MED" ҰЛТТЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕДИЦИНА ПАЛАТАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 
Иттің етін жеген ол зиян. Неге? Өйткені оны көшеден ұстап алатын болса, ол крыса жеуі мүмкін. Тіпті, көшеде жатқан қоқыстармен қоректенуі мүмкін. Сол жердегі барлық таксинді заттар иттің етінде болады. Демек, оны қанша қайнатып пісіргенмен де бактерия өледі, таксин заттар қалады.


Коронавирус кез келген заттың бетінде өмір сүре береді, дейді маман. Спиртпен өңдегеннің өзінде нәтиже болмауы мүмкін екен. Тағамды ыстық сумен жуып тұтынған дұрыс, дейді білетін мамандар.

А. Данияр