Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

"Nur Otan" партиясының саяси салада бәсекелестері жоқ, - сауалнама қорытындысы

AstanaTV
19.10.2020ж. 20:00
2223
"Nur Otan" партиясының саяси салада бәсекелестері жоқ, - сауалнама қорытындысы

"Nur Otan" партиясының саяси салада бәсекелестері жоқ. Қоғамдық саясат институтының қазан айында жүргізген сауалнамасына қатысқандардың 70,7 пайызы осындай пікір білдірген. Ал, "Егер парламент сайлауы болған жағдайда, сіз қай партияға дауыс берер едіңіз " деген сұраққа, қатысушылардың 76,8 пайызы "Nur Otan-ды" көрсеткен. Сондай-ақ респонденттердің 69,2 пайызы елдің одан әрі дамуын тек «Nur Otan» партиясымен байланыстырады. Партия пандемия кезінде халықты қолдау жұмыстарын үздіксіз жүргізу және  Елбасы мен Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалуын бақылау жөніндегі мақсатты жұмыстарының нәтижесінде халықтың қолдауына қол жеткізді,-  дейді партияның баспасөз қызметі.

"NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Партия рейтингінің көтерілуіне Праймериз өткізу де өз ықпалын тигізді. Саяси науқанда партия мүшелерінің 82,4% дауыс берді, 10 мыңнан астам кандидат тіркелді, олардың 55% астамы қалалық және аудандық мәслихаттар тізіміне өтті. Қазақстандықтардың 65,3% партиялық сайлау туралы естіген, олардың 62% праймеризді «жақсы тәжірибе» деп санайды.

А. Данияр