Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

В. Божко ауыл жастарына қатысты айтқан пікірін түсіндірді

AstanaTV
20.09.2017ж. 20:00
2076
В. Божко ауыл жастарына қатысты айтқан пікірін түсіндірді

Владимир Божко өзін «отставка кетсін» деген азаматтардың сөзіне жауап берді. Мәжіліс вице-спикері: «Жастардың қалаға келуіне тиым салу керек деген жоқпын, бұл әркімнің конституциялық құқығы, мен тек ауылдағы жастарға жағдай жасау керектігін айттым», - дейді. Еске салайық, бірқатар ақпарат құралдары "Божко ауылдан қалаға келіп жатқан жастар санына шектеу қоюды ұсынды" деген мағынада ақпар таратқан.

Владимир Божко, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары:

Сөздің парқына үңілмей жатып, адамды қаралауға құмар жандар бар. Мен оларды сотқа берсем, сол арқылы арзан атаққа қол жеткізгісі келер. Бірақ ешкімді сотқа бермеймін. Айтылған сөзіме келсек, "ауыл жастарының бәрін тастап қалаға ағылуына жол бермей, өз жерінде де жақсы жағдай жасауымыз керек" дедім.«Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы ауылда жастарға арнап үйлер салынсын, мәдени орындар қалыпқа келтіріп, инфрақұрылым жаңарсын" деген мағынада айттым. Жалақысы жоғары жұмыс орындарын ашып, жағдайын жақсарту керек деген болатынмын.