Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Шымкенттегі Сайрам тұрғын алабына жарық берілетін болды

AstanaTV
20.10.2020ж. 20:00
1729
Шымкенттегі Сайрам тұрғын алабына жарық берілетін болды

Шымкенттегі Сайрам тұрғын алабының көшелеріне жарық берілетін болды.Таяуда арнамызға арыз айтып, қоңырау соққан тұрғындардың мәселесіне «Nur Otan» партиясының жергілікті өкілдері араласты. Халық Мәриям ана және Хавазмат ата көшесі кеш батса қараңғылықтың құшағына енетінін, ал зулаған көліктер жиі жол апатын жасайтынын айтқан еді. Ол аздай тар көшелердің шаңы шығып жатқанына арызданған. Шенділер келесі жылы шешуге уәде еткен жұмысты нұротандықтар жылдамдату жағын ұсынды. Сайрамдағы қос көше қосымша тарсформатор қою арқылы, желтоқсанның 1-інде жарықтандырылмақ. Ал, асфальт төсеу мәселесі де шешілетін сыңайлы.  

Бағдат ЫСҚАҚОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ ИНСПЕКТОРЫ:
 
Жол жалпы қаланың жоспарына кірмеген. Қазіргі таңда енді бақылауға алынып, осы жылы аудан әкімдігі тарапынан сметалық құжаттары дайындалып, келесі жылға жол төсеу мәселесін де ұсындық. Келесі жылға бюджеттен қаражат бөлініп, мәселе оң шешіледі.

А. Төребекқызы