$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Бала кезіндегі досын өлтіріп, мәйітін жерқоймаға жасырған қылмыскер 11 жылға сотталды

AstanaTV
20.10.2020ж. 20:00
2894
Бала кезіндегі досын өлтіріп, мәйітін жерқоймаға жасырған қылмыскер 11 жылға сотталды

Бала кездегі досын пышақтап өлтіріп, денесін үйіндегі жерқоймаға көміп тастаған Виталий Валитов 11 жылға сотталды. Орал сотында келтірілген деректерге қарағанда, ескі достар есік алдында арақ ішкен. Артынан екеуі сөзге келіп қалып, Виталий Валитов құрдасын ұрып құлатқан және мойнына екі рет пышақ салған. Артынан мәйітті жерқоймаға түсіріп көміп тастапты.

Бақыт ЕРМАХАНОВ, БҚО МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Өзінің жауабына қарағанда: «Мен қорықтым. Сосын ұмытқым келіп, ары қарай тағы бес күн бойы арақ іштім». Жаңағы мәйітті көміп тастағаннан кейін сол сарайдың өзін бұзып, погребке тастаған. Кілем, кірпіштер, соның бәрін тегістеп көміп тастаған. Сол уақытта жәбірленушінің анасы терезеден қарап тұрып: «менің балам осы шұңқырдың ішінде, әйтпесе ол неге көміп жатыр? Соның ішінде өліп жатыр», - деп айтқан шешесі.

Сотта Валитов қылмысын толық мойындап, қаза болған досының туыстарынан кешірім сұрады. Судья, өкінген қылмыскердің кәмелеттік жасқа толмаған қызын барын ескере отырып оны 11 жылға бас бостандығынан айырды.

Елена БАТАЕВА, МАРҚҰМНЫҢ ТУЫСЫ:

Екеуі де бала күнінен бірге өскен жігіттер ғой. Бірақ қылмысты бізден жасырғанын білгенде қатты ашуландық. Енді оны өзіміз аяп, кешірім беріп отырмыз. Өйткені артында кішкентай баласы бар.

Е. Карин