$494.87 €520.65 ₽4.91
×

COVID-19-дің екінші толқынына дәрі-дәрмек қоры жеткілікті ме?

AstanaTV
20.10.2020ж. 20:00
3150
COVID-19-дің екінші толқынына дәрі-дәрмек қоры жеткілікті ме?

Коронавирустың екінші толқыны келе қалса елде дәрі-дәрмек тапшылығы болмауы тиіс. Үкіметтің уәдесі осы. Премьер-министр Асқар Мамин бүгін министрлер мен әкімдерді онлайн жинап алып, көктемгі және жазғы жағдайдың қайталанбауын талап етті. Тапсырма нақты айтылды. Бірақ оның орындалуы қалай болмақ? Мұның жауабын Айя Мүтәлі іздеп көрді.

Әлем елдерінде қауіпті вирус қайта өршіді. Бізде де жағдай мәз емес. Бір ғана Алматыда қытайлық індет күн санап артып келеді. Шаһардың бас санитары Жандарбек Бекшин жүргізген санаққа сенсек, тәулігіне 10 адамнан ауруханаға түсіп жатқан көрінеді. Короновирустан көз жұмғандар дерегі де күрт артқан. Соңғы бір аптада 28 адам құрбан болыпты. Ең көбі Шығыс Қазақстанда.  Бұл Үкіметті әрине алаңдатты. Министрлер кабинетін елдегі дәрі-дәрмек қорын түгендей бастады. Тіпті жомарттық да танытпақ. Дене қызуын түсіретін 1 млн препаратты халыққа тегін таратамыз, деп отыр.

Алексей ЦОЙ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:  


Тұрғындар оны диагнозын анықтап берген учаскелік емханаларынан ала алады. Дәріні беру кезінде ПТР сынамасын тапсыру қажет емес. Қазірдің өзінде медициналық ұйымдарға 1,5 млрд теңге сомасында дәрі жеткізілді.

Қысқасы, Үкімет вирустың екінші толқынына толық дайынбыз деп отыр. Ол үшін ел қазынасынан 8 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген. Бұл, елді дәрі-дәрмекпен екі ай бойы толық қамтуға жетеді екен.

Асқар МАМИН, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Дәрі-дәрмек тапшылығы болмауы тиіс. Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрлігіне келесі жылға дәрілік заттарды уақытылы сатып алуды және жеткізуді тапсырамын.

Айя МҮТӘЛІ, ТІЛШІ:

Осыған дейін де бірнеше рет уәде беріп, артынан кінәлілерді іздеп кеткен үкіметтің сөзіне қаншалықты сенуге болады? Қажетті препаттар дәріхана сөрелерінде расымен де жеткілікті ме? Осыны анықтау бүгін дәріханаларды аралап көрейік!    

БЛИЦ:

- Парацетомол бар ма? - иә. бар. - Үлкендерге де. Кішіге де. - Жеткілікті ме? - Кейде болмай қалады. Бірақ бәріне жетеді деп жатыр ғой. Өз басым нақты айта алмаймын.

- Дәрі жетіспей қалу деген болған жоқ па? -пока нету такого.

- Парацетомол бар ма? – парацетомола нету взрослого. -парацетомол бар ма? - иә. бар. - Үлкендерге де. Кішіге де.


Дәрі-дәрмек тапшылығы көбіне жеке-меншік дәріханаларда, дейді Самұрық-Қазына Фармация компаниясының өкілі. Ал, жеке бизнес Мемлекеттік компанияға тәуелді емес. Ресми деректерге сәйкес елде жиыны 8 мың дәріхана жеке-меншік қолда көрінеді.

Айгерім СМАЙЫЛОВА, «СҚ-ФАРМАЦИЯ» ЖШС БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

СК Фармация біріңғай жеке дәріханаларды дәрімен жабдықтамайды. Егер де осындай дефицит болып қалған жағдайда екінші тодқын басталып, сол кезде ғана біз осы дәрі-дәрмектерді бөлшек саудаға жеткіземіз.


Бұдан бөлек, Денсаулық сақтау министрлігі міндетті медициналық сақтандыру аясында берілетін тегін дәрі-дәрмек қорын да көбейтіпті. Бұған дейін 45 препарат тегін берісе, енді ол тағы 100-ге тарта дәрмен толығып отыр.

А. Мүтәлі