$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қаңтардағы сайлауға 15,3 миллиард теңге жұмсалмақ, - ҚР ОСК

AstanaTV
21.10.2020ж. 20:00
2888
Қаңтардағы сайлауға 15,3 миллиард теңге жұмсалмақ, - ҚР ОСК

Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлауға 15 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсалмақ. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясында өткен отырыста айтылды. Сондай-ақ, комиссия мүшелері саяси науқанға қатысушылардан талап етілетін ережелерді нақтылады. Парламент Мәжілісінің депутаттығына Қазақстанда тұрып жатқанына кемі 10 жылдан асқан, 25 жасқа толған азамат кандидат бола алады. Ал, сотты болғандар мен жемқорлық жасағандар бұл додаға қатыса алмайды. Бекітілген жоспарға сай кандидаттарды ұсыну - дауыс беру күнінен екі ай бұрын басталмақ. Сонымен бірге, таңдау жасалатын уақыттан 40 күн алдын, жергілікті уақытпен сағат 18-де үміткерлерді тіркеу аяқталады.

Константин ПЕТРОВ, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Кандидаттарды тіркеу 2020 жылдың 10 желтоқсанда, ал Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланатын Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткерлерді ұсыну 11 желтоқсанда аяқталады. Үгіт-насихат жұмыстары болса, дауыс беруден бір күн бұрын тоқтатылады. Жалпы сайлау қорытындыларын аумақтық сайлау комиссиясы дауыс беру аяқталған күннен бастап, 5 күн ішінде тапсыруы тиіс.

Алдағы сайлауда Мәжілістегі 3276, ал мәслихаттағы 216 депутаттық орынға таңдау жасалады. Орталық сайлау комиссиясы саяси доданы өткізуге 42 учаске дайын деді.

А. Данияр