Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Барлық саяси партиялардың дайындалуына уақыт жеткілікті - Қасым-Жомарт Тоқаев

AstanaTV
21.10.2020ж. 20:00
1228
Барлық саяси партиялардың дайындалуына уақыт жеткілікті - Қасым-Жомарт Тоқаев
Елде Парламент Мәжілісінің сайлауы- келер жылы қаңтардың 10 күні өтеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін саяси науқан өткізу туралы жарлыққа қол қойды. Ақ Орданың ресми сайтында хабарланғандай, бұл мерзім- барша саяси партиялардың сайлауалды бағдарламаларын дайындауға, сондай-ақ партиялық құрылымын жетілдіруге жеткілікті. Саяси доданың ашықтығы мен әділ өтуін Орталық сайлау комиссиясы мен Бас прокуратура қадағалайды, деді Мемлекет басшысы.  

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Парламенттің және жергілікті өкілді органдардың жаңартылған құрамы еліміздегі әлеуметтік-экономикалық реформаларды сапалы әрі заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге баса мән береді. Алдағы сайлау еліміздің саяси жүйесін жаңартуды қамтамасыз ететін саяси институттарды дәйекті түрде демократияландыруға және жаңғыртуға Қазақстанның аса ықыласты екенін тағы да бір дәлелдейтін болады.

Келер жылға белгіленген Мәжіліс сайлауы алдыңғылардан өзгеше болмақ. Ол үшін Мәжілісте "Парламенттік оппозиция" институты құрылмақ. Яғни, төменгі палата комитеттерінің бір төрағасы мен екі хатшысы- бұдан былай осы оппозиция қатарынан болады. Олар әр сессия барысында ең кемі- бір рет парламенттік тыңдау өткізу құқығына ие. Сондай-ақ, екі рет үкімет сағатының күн тәртібін бекіте алады. Бұдан өзге, жаңа Парламенттің құрамы- 30 пайыз әйелдер қауымы мен жастардан құрылады. Мемлекет басшысы алдағы мәслихат сайлауы- тұңғыш рет партиялық тізім бойынша өтетінін айтты.  

А. Мүтәлі