Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Павлодар облысында ағасы інісін өлтірді деген күдікпен қамалды

AstanaTV
21.10.2020ж. 20:00
1832
Павлодар облысында ағасы інісін өлтірді деген күдікпен қамалды

Павлодар облысында бірге арақ ішкен ағайындылардың отырысы, қайғылы жағдаймен аяқталды.  Туған ағасы, інісін өлтіріп қойды деген күдікке ілікті. Қанды оқиға кеше Ертіс ауданына қарасты Ертіс ауылында болды. Полицияның дерегінше, ішімдік ішкендер өзара сөзге келіп, жанжал туған, тіпті жұдырық ала жүгірген. Ағасы інісін аяқпен теуіп, ұрып-соққан. Алған жарақатынан бауыры ауруханада көз жұмды. Әзірге жанжалдың неден туғаны белгісіз.

Руфат КЕНЖИН, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Қазіргі уақытта аталған іске байланысты тергеу жүріп жатыр. Қылмыстық Кодекстің 106-бабының 3 бөлімі бойынша іс қозғалды. Оған «денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және абайсызда адам өліміне әкеліп соқтыру» бабымен айып тағылып отыр.

Күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Жалпы аймақта жыл басынан бері 26 адам «ащы судың» құрбаны болған. Ал 18 мың адам қоғамдық орында ішімдік ішкені және тәртіп бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылыпты.  

Ө. Қуанар