Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Алматыда 44 жастағы әйел тірідей жанып кеткен

AstanaTV
22.10.2020ж. 20:00
2214
Алматыда 44 жастағы әйел тірідей жанып кеткен

Алматыда көпқабатты үйлердің бірінен өрт шығып, 44 жастағы әйел тірідей жанып кетті. Онымен бірге тұрған әпкесі де, түтіннен уланып, ауруханаға жеткізілген. Құтқарушылар мәйітті үйінді астынан тапқан. Өрттің шығуына не себеп болғанын төтенше жағдай мамандары білмейді. Оқиға орнына барып қайтқан әрптесімнің репортажы.

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Қызыл жалын подъездің жетінші қабатында орналасқан пәтерден шыққан. Түңгі сағат 10- дар шамасында тұтанған оттың қою қара түтіні лезде жоғарыға көтеріліпті. Өрт сөндірушілер өртті ауыздықтау үшін үйдің темір есігін арнайы құралмен бұзған.

Өрт сөндіру мамандары оқиға орнына жедел жеткен. Олар келген бойда, бір әйелдің терезеден көмекке шақырған дауысын естіпті. Бірден арнайы сатыны қойып, 53 жастағы келіншекті сыртқа шығарды.  

Гүлдана НҰРЫМБЕТОВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТЖД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Бұзып алған сәтте үйдің ішінен 1976 жылғы әйел адамның мәйіті табылды.  Қазір оқиға орында өрт лабороториясы жұмыс істеуде. Әлі анықталуда себептері.  Зардап шеккен 53 жастағы әйел ауруханада жатқандықтан әлі толығымен ақпарат алынбауда.

Төтенше жағдай мамандары өрттің неден шыққанын білмейді. Ал, дәрігерлер жалыннан жапа шеккен әйелдің өміріне қауіп жоқ деді.

Ақшолпан ЖҮСІПОВА, АЛМАТЫ қ. ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАМАНЫ:
 
Жедел медициналық жәрдем қызметі зардап шеккен науқасты Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының қабылдау бөлімшесіне жеткізді. Науқасқа көмірқышқыл газымен улану диагнозы қойылды. Жағдайы орташа ауырлықта.

Көршілерінің айтуынша қара жамылған отбасы бұл ауданға осыдан 5 жыл бұрын көшіп келген. Төрт бөлмелі пәтерде апалы-сіңілілер тұрып келген. Олармен бірге бірінің ересек ұлы да тұратын деді.  

Екатерина УСЕНКО, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Апалы-сіңілі келіншектер еді. Ешкімге жамандықтары жоқ. Бес жылдан асты, бірге тұратын. Үлкенінің ұлы бар. Өрт болғанда ол мұнда болмады. Абырой болғанда, басқа үйлерге: менің үйіме зақым келмеді.

Ұлы оқиға болған кезде үйде болмапты. Жалын ас үйден шыққанға ұқсайды. Шамамен 20 шаршы метр аумақ өртенген. Құтқарушылардың мәліметінше, жалпы қалада соңғы бір айда 15 пәтерден өртенген. Негізінен бұған темекі тұқылы немесе отқа абайсыз қарау себеп болды деп отыр.


Ә. Лесбек