Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×
Біз біргеміз

«Қазақстан 2050» ЖДКК Қарағанды облысындағы мүшелері латын қарпіне көшуді қолдайды

AstanaTV
20.09.2017ж. 20:00
4451
«Қазақстан 2050» ЖДКК Қарағанды облысындағы мүшелері латын қарпіне көшуді қолдайды

«Қазақстан 2050» Жалпыұлттық демократиялық күштер коалициясының Қарағанды облысындағы мүшелері латын қарпіне көшуді қолдайды. Қоғам белсенділері Достық үйінде өткен отырыста осындай пікір білдірді. «Нұр Отан» партиясы мұрындық болған жиынға партиялардың филиалдары мен үкіметтік емес ұйым өкілдері, мәслихат депутаттары, сондай-ақ лингвист ғалымдар қатысты.

Белсенділер, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы маңызды бағыттың бірі - латын әліпбиіне көшу мәселесі - өркениет көшіне ілесуіміздің кепілі, дейді. Бұл қадамның артықшылықтарын халыққа түсіндіру үшін, сауатты ақпараттық жұмыс жүргізу керек деген ұсыныс айтты. Демократиялық күштер әліпбиді ауыстырудың маңыздылығын кішігірім топтардан бастап, ірі ұжымдарға дейін түсіндіруге ат салыспақ.

Бектұрсын Қалиев, филология ғылымдарының кандидаты:

Қазақ тіліндегі төл дыбыстарға басымдылық беріп, тіліміздің басты заңдылығы -сингармонизм, тіл, ерін үндестігін қалпына келтіруге болар еді. Жаңа әліпбидің нұсқасын қабылдағанда да, «бір дыбыс - бір таңба » деген қағидатты ұстансақ.