Павлодар облысынның Ақжар ауылының әкімі қамалды. Ол қызметтік көлікпен көрші тұрған Шығыс Қазақстан облысына барған. Әкімді Курчатов қаласының жол сақшылары тоқтатып, оның орташа күйде мас болғанын анықтапты. Тәртіп бұзып, көлік тізгініне отырған ауыл әкімінің ісі енді аймақтың Әдеп жөніндегі кеңесінде қаралмақ. Сондай-ақ, сот оны 15 тәулікке қамап, 7 жылға дейін көлік басқару құқынан айырды.
Руслан ИМАНҚҰЛОВ, МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ:
Май ауданы Ақжар ауылдық округінің әкімі Құсайыновқа қатысты Әдеп жөніндегі кеңес төрағасымен тәртіптік іс қозғалды. Тәртіптік іс бойынша қазіргі таңда қызметтік тексеру амалдары жүргізілуде. Нақты әкімге қатысты шешім Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында шығарылатын болады.
Шенеунік Серік Құсайыновтың Ақжар ауылан әкім болып келгеніне 10 жылдан асқан. Аудан әкімі Марат Ақтаев, оның бұрын ондай оғаш қылығын байқалмағанын жеткізді.
Марат АҚТАЕВ, МАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:
10 жылдан аса әкім болып істейді, мемлекет жұмысында. Бұдан көп 15 жылдай болды жұмыс істеп жатқанына. Негізінде жұмысына былай не адам заңбұзушылық ондай болған емес. Негізінде шығу бәріне сұраныссыз. Рұқсатсыз шығуға болмайды. Сол жерде сондай бір бұзушылық болған. Оған заң жүзінде шаралардың бәрі қабылданды.
Ө. Қуанар