Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Таразда ауладағы ойын алаңдарынан шу шықты

AstanaTV
26.10.2020ж. 20:00
2504
Таразда ауладағы ойын алаңдарынан шу шықты

Таразда көп қабатты тұрғын үй ауласындағы ойын алаңдарынан тағы дау шықты. Бір аула тұрғындары, "Жақында ғана қойылған алтыбақанды құрылысшылар алып кетті", десе екінші аула халқы "ойын алаңы сапасыз", деп жатыр. Тараз тұрғындары аулаға неге жарымай ақ қойды? Берік Жұмабай анықтап көрді.

Мына үй тұрғындары балаларға арналған ойын алаңын 30 жыл армандаған. Армандарына биыл жетті. Бірақ ойын алаңы көптің көңілінен шықпады. Кейіннен, арзан қол әлпеншектерді құрылысшылар қазып алып кетіпті. Ауланың қазулы күйде жатқанына төрт айдан асты.

БЛИЦ:

- Сапасы жоқ. Бір айға жетпей ол качели сынып қалды. Одан кейін мынау қазып кетті. Бірі бір келеді. Екіншісі екі келеді.

- Поставили трубы, арматуры с б\у материала. Покрасили. Трубы б\у все.

- Қуанып суретін жіберіп едім. Міне, наконец то турник деп. Ол да жоқ бір күні қарасақ. Кім алды? Оны ЖКХ алды дейді.


Таразда қазулы датқан бұл бір үй емес. Дені осы күйде. Ауласы опырылып жатқан тұрғын үйлердің бірі облыс әкімдігінің қасында тұр. Бірақ ол, жергілікті атқамінерлерді алаңдатпайтын сияқты.

Валентина БЕРДЕЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Біздің аула облыс әкімдігіне тиіп тұр. Мұны жауаптыларға жазғанымызға жарты жыл болды. Жауап жоқ. Ұрлық қарлық көбейіп кетті. Учаскелік полицейлер мүлде жұмыс істемейді. Бұл не деген сұмдық?

Рима ТИМОФЕЙ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Біздің билік барлығын керісінше істейді. Алдында олар су құбырын тартып, сосын тас жол төсейміз деген. Енді қараңыз. Әуелі асфальт жайды. Сосын оны қазып құбыр тартты. Қазір қопарылып жатыр.

Шенеуніктер мұның себебін бір сөзбен түсіндірді. Жұмыстың баяу жүруіне карантин кедергі келтірді, дейді.

Ақмарал ШАҒАТАЙ, ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Жарты жолда қалдырып, жасамай кетті деуге болмайды. Себебі басталған тірлік аяқталады ғой. Кейбіреуінде қазіргі пандемияға байланысты жабдықтары, жаңағы асфальт секілді қажетті жабындылары алуы, жеткізілуі сияқты проблемалар туындауы мүмкін. Сол бойынша кешіктірулер болып жатыр.

Аулаларды абаттандыруға әкімдік осы жазда кіріскен. Шаһарда, барлығы 163 тұрғын үйдің ойын алаңдары жөнделіп жатыр. Оған жергілікті бюджеттен 2,5 млрд теңге бөлінген.

Б. Жұмабайұлы