Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Павлодарда қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмек көрсететін жедел әрекет ету топтары құрылды

AstanaTV
29.10.2020ж. 20:00
1932
Павлодарда қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмек көрсететін жедел әрекет ету топтары құрылды

Павлодарда қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмек көрсететін жедел әрекет ету топтары  құрылды. Мақсат отбасындағы құндылықты сақтау. Яғни жанұядағы проблемаларды ушықпай тұрып, шешуге ат салысу. Бастама "Бақытты отбасы" жобасы аясында қолға алынған. Өңір бойынша жасақталған 126 топ жұмысқа бел шеше кіріскен. Олар қиындыққа ұшыраған отбасылардың үйіне барып, қажеттіліктерін анықтап, шешуге көмек көрсетіп жүр.

Марина СТРЕЛКОВСКАЯ,  «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ДЕПУТАТТЫҚ ФРАКЦИЯСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Біздің мақсат отбасы құндылығын сақтау. Бұл ретте отбасындағы болатын мәселелерді шешуге арналған арнайы топ құрдық. Олар жанұяларда болып жатқан түрлі жайсыз жағдайларды анықтап, одан шығудан жолын қарастырады. Мәселенің шешілуіне ат салысамыз. Ең бастысы ата-ана арасындағы даудан балалар жапа шекпеуі керек. Біздің алға қойған мақсатымыз да балалардың бақытты өмір сүруіне жағдай жасау.


Павлодар қаласында тұрмыс тауқыметін тартқан 600-ден астам отбасы бар. Арнайы топ Павлодар ауданы Чернорецк ауылындағы жағдайы төмен отбасыны анықтап, материалдық тұрғыдан қол ұшын берген. Ал Рожденственка ауылындағы толық емес отбасын Павлодар қаласындағы бейімдеу орталығына жеткізіпті.

Гүлнәр КАМАЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Тұрмыс тауқыметін тартқан 2 отбасыға демеушілік есептен үйлеріне жөндеу жұмыстары жасалды. 20 отбасына материалыдық көмек көрсетілді. Жалпы соммасы 2 млн. теңгені құрайды. Ал 1250 адамға 58 млн. теңгеге қажетті дәрі-дәрмек сатып алынды.

Ө. Қуанар