$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ұлттық банк қазақстандықтардың кредиті көбейетінін болжап отыр

AstanaTV
29.10.2020ж. 20:00
2822
Ұлттық банк қазақстандықтардың кредиті көбейетінін болжап отыр

Пандемияға кезінде жұмыссыз қалғандардың артуына байланысты, елде кредит алушылар көбейетін болады. Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов бүгін Сенат отырысында осындай болжам жасады. Оның дерегінше, банк борышкерлері биылдың өзінде аз емес. Жыл басынан бері халық банктерден 14,5 трлн теңгенің несиесін алыпты. Сенат отырысынан Айя Мүтәлінің репортажы.

Мәжілістен жақында ғана өткен республикалық бюджетті қорғау үшін Сенатқа министрлер кабинеті толықтай келді десек те болады. Премьер Асқар Мамин бастаған шенеуніктер, өткен жылға есеп беріп алдағы жылдарға болжам жасады. Үкіметтің сөзіне сенсек, бюджет орнымен жұмсалып, бет-алды ақша шашылмапты. Бұған сенат депутаттары күмәнмен қарады әрине. Қазынадан шыққан қаражат дұрыс игерілмеді. Әсіресе жолға салынған қаражатта шикілік көп, деді Ләззат Рысбекова.

Ләззат РЫСБЕКОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Шығындарды оңтайландыру жұмыстары жолдардың сапасына қалай әсер етеді? Қаражаттың қысқаруы «Нұрлы жол» бағдарламасының тиімділігін төмендетпей ме? Оның үстіне «ҚазАвтоЖол» АҚ атқарып жатқан жұмыстарға шет елдерден қарыз алынғаны бар. Ал оларды қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен біраз қаражат бөлініп жатыр.

Сенат қабырғасында айтылған ақпарат, жауапты ведомстваларды анау айтқандай үркітпеді. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бірінші орынбасары Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, бұл қаражат биыл болмаса келер жылы толық игеріледі.

Қайырбек ӨСКЕНБАЕВ, ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Барлық жұмыстар өз уақытында аяқталатын болады. «ҚазАвтоЖолдың» қарыздары туралы айтатын болсам, бізде 5 жылдық жеңілдетілген кезең бар. Сондықтан да мемлекетке бұл орайда ешқандай қосымша міндеттер жүктелмеген.


Пандемияға байланысты, келер жылы жұмыссыздар армиясы артуы бек мүмкін. Ұлттық банк деректеріне қарағанда осының салдарынан елде банктен кредит алатындар артады. Биылдың өзінде халық банткерге 14,5 трлн теңге қары екен. Пандемия демекші. COVID-19 экономикаға оңай тимеді. Сенат депутаттары келтірген деректерге қарағанда, қытайлық індет кесірінен елдегі ішкі жалпы өнім келер жылы 3 пайызға төмендеуі мүмкін. Ал, оны қайта қалпына келтіру үшін кемінде 5 жыл тер төгуіміз қажет. Бұған Жоғарғы палата алаңдаулы. Ұлттық экономика министрілігі болса, депутаттарды сабырға шақырды. Үкімет, кез-келген қысыл таянға сақадай сай дайынбыз, дейді.

Руслан ДӘЛЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:

Үкімет Ұлттық банкпен және қаржылық реттеу агенттігімен бірлесіп, әлеуметтік экономикалық жағдай нашарлаған жағдайда арнайы жоспарды қабылдады. Жалпы, экономикалық өсім инвестициялық жобалар және бизнесті дамыту есебінен қамтамасыз етілетін болады. Біз түрлі сценарийге дайынбыз.


Бұл жолғы республикалық бюджетте медицина қызметкерлеріне материалдық қолдау көрсетуге басымдық берілген. Коронавирустың екінші толқынына дайындыққа 238 миллиард теңге бөлініп отыр. Ол дәрігерлердің үстемақысына, эпидемияға қарсы шараларға атсалысқан полицейлерге, сондай-ақ өзге де әлеуметтік қолдау шараларына арналған.

Сенат 2020 жылға арналған республикалық бюджетке түзетулерді қабылдап, Мемлекет басшысының қол қоюына жіберді.

А. Мүтәлі