$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Кез-келген жолаушыдан анықтама талап етіледі

AstanaTV
30.10.2020ж. 20:00
5728
Кез-келген жолаушыдан анықтама талап етіледі

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны күн санап, көбейіп келеді. Тәулік ішінде 400-ге жуық адамнан қытайлық індет анықталса, оның тең жартысы Шығыс Қазақстан облысынан анықталып отыр. Аймақтың бас санитарлық дәрігері жаңа қаулысын жариялады. Сонымен бірге, СOVID-19-ға шалдығу бойынша "сары" деңгейге бүгін Солтүстік Қазақстан облысы да кірді.  Тақырыпты әріптесім Асылбек Данияр жалғастырады.

Шығыс Қазақстан облысындағы эпид жағдай ведомствоаралық комиссияны да алаңдата бастады. Олар бірқатар шектеу шараларын жария етті. Ахуал жақсарғанға дейін облысқа кіріп-шығу жексенбіден бастап шектеледі. Оған қоса өңірге бағытталған ұшақтар пен пойыздардың қозғалысы қысқартылатын болды. Жол жүретін жолаушыларға да қойылатын талаптар белгіленді.

Ерлан ҚИЯСОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ:

Әуе және теміржол арқылы жолаушыларды тасмалдау кезінде барлық адамнан коронавирустың жоқтығы туралы ПТР сынамасының анықтамасы талап етіледі. Ал, шығарып салушылар мен күтіп алуышылар вокзалға кіргізілмейді. Сонымен қатар, өзге шетел азаматтары мен басқа өңірдің тұрғандарына облыс аумағына кіруге қатаң тыйым салынады. Демалыс және мереке күндері шектеу шаралары бұдан әрі күшейтіледі.


Сонымен қатар мекемелер жұмысшыларының 80 пайызын қашықтан жұмыс істеуге көшіруге тура келеді. Бас санитарлық дәрігердің пайымынша індеттің өршуіне халықтың өзі кінәлі. Өйткені олар COVID-19 ахуалы тұрақсыз болса да қыдыруын тоқатпаған.

Ерлан ҚИЯСОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ:

Хабарлау 3-5 тәулікке дейін кешігіп жетізілген. Соның салдарынан санитарлық-эпидемиологиялық қызмет іс-шараларды кешеуілдетіп жүргізген. Карантин шараларын асыра пайдалану фактілері де анықталып жатыр. Қоғамдық көліктегі жолаушылардың 50 пайызына дейін маскасыз жүріп, арақашықтықты сақтамаған.

Шығыстың артынан бүгін Солтүстік Қазақстан облысыда "сары" аймаққа енді. Мұнда індет балалар арасында таралды. Мамлют ауданындағы мектептің тоғызыншы және бірінші сынып оқушылары ауру белгілерімен инфекциялық ауруханаға түскен. Ал коронавирус індеті арнайы сараптама барысында нақтыланды. Олармен байланыста 17 адам болған. Қазір дәрігерлер оқушылардың жағдайын жіті бақылауда ұстап отыр. Айта кету керек, оқу жылы басталғаннан бері аймақта 32 бала аталған кеселге шалдығыпты.

А. Данияр