Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Көпірдегі жырық талай адамның өмірді жалмады

AstanaTV
30.10.2020ж. 20:00
4144
Көпірдегі жырық талай адамның өмірді жалмады

Қазанның 28 күні арнамызға Алматылықтар телефон соғып, "Арасы ашық көпір талай адамның өмірін жалмады", деп шағымданған еді. Көпірге жауапты "Қазавтожол" серіктестігі мамандары сол күні тұтқаны көтермей, мәселе шешімін таппай қалған. Алматылық әріптесім Әсем Лесбек бүгін көпіре барып, мәселенің ақ-қарасын ажыратып көрді.

Шырғалаңы көп «Алтын Орда» базары маңындағы бұл көпірде бірнеше қайғылы оқиға болған. Соңғысы өткен аптада. Шұңқырға орта жастағы жігіт ағасы түсіп кетіп, мерт болды.

Ерден ТУҒАНБАЕВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Телефонға қарап келе жатты да, мынаны көрген жоқ ол. Келіп ана шұңқырға аяғымен басып түсіп кетті ішіне қарай. Баспен түсіп былайынан ақтарылып кетті. Мост қалай тұр содан бері мына жер ашық тұр.

Көпірдің екі ортасындағы қосынды ашық-шашық жатыр. Жергілікті халық осыған наразы. Маңайына ескерту белгілері де қойылмаған. Уақытша пластик бордюрлер тұрыпты рас. Бірақ ол ұзаққа бармаған.

Тимур НҰРМЕТОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Адам құлағаннан кейін пластмассовый бордюр қойған. Үш күн тұрды. Қазір енді ашық қалған. Опасный тұр ғой. Бір жылдан бері ашық тұр ғой, мост біткелі.

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Қауіпті шұңқыр жергілікті тұрғындардың мазасын қашырып болды. Сан мәрте хаттар жазылып, өтініштер айтылған. Бірақ, өкінішке орай бұл "жыртықты жамайтын" жауаптылар әлі күнге табылмай отыр. "ҚазАвтоЖол" мекемесі болса, "Ойық талапқа сай", дегенді айтады.
 
Жолға жауапты мекеме, жергілікті тұрғындардың өзін айыптады. "Көпірмен жүрмесін", дейді "Қазавтожол", басшылары.

Қуаныш ЕСКЕНДІРОВ, «ҚАЗАВТОЖОЛ» СЕРІКТЕСТІГІ АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Көпірдің маңайында барлық сақтық шаралары жасалынған. Қоршауға алынбаса да, қауіпсіздік белгілері қойылған. Қайғылы жағдайға біздің қатысымыз жоқ. Өйткені онда жол жөнделіп жатыр. Ол көпірмен адамдар мүлде жүрмеуі керек.

Ал жергілікті атқамінерлер болса, бұл тақырыпты естіп-біліпті. Тіптіғ жауапты мекемелерге арнайы хат та жазамыз, деп отыр.

Айбар ЖАҚАНБАЕВ, ҚАРАСАЙ АУДАНДЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМНІҢ БАСШЫСЫ:

Алматы-Бішкек тас жолындағы жөндеу жұмыстарына «ҚазАвтоЖол» мекемесі жауап береді. Қазіргі таңда ондағы жолдар толығымен қайта жаңартылып жасалынып жатыр. Біз барлығын бақылауда ұстап отырмыз. Мекеме атына жақында хат жолдамақпыз.

Қауіпті көпірде, жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталуы тиіс. Яғни, бұл жарық сол кезде бірақ жабылуы мүмкін. Оған дейін тұрғындардың бұл тесікті айналып жүруіне тура келеді.

Ә. Лесбек