$520.93 €609.07 ₽6.68
×

«Жарнама туралы» заңнан қисынсыз тұстар алынып тасталды

AstanaTV
19.04.2016ж. 20:00
1892
«Жарнама туралы» заңнан қисынсыз тұстар алынып тасталды

Кәсіпкерлер ақпараттық сипатта жазылған маңадайшадағы жазу үшін салық төлемейтін болды. Бұл туралы Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасының өкілі Бекежан Күнтаев айтты.

Еске салайық, бұған дейін кәсіпкерлер «Жарнама» заңындағы қисынға келмейтін нормаларға көңілі толмайтынын айтқан. Ірі орталықтар мен кішігірім фирмалардың маңдайшадағы ақпараттық жазулары жарнама болып есептеліп, ақша төлеуге міндеттелген еді. Салық төлемеуге тек сауда орталықтары қоғамдық тамақтану орындары және тұрмыстық қызмет көрсететін сала ғана құқылы болған. Енді «Жарнама» заңына енгізілген толықтыруларға сай, кәсіпкерліктің барлық субъектілері үшін маңдайшадағы жазу жарнама нысандары қатарынан алынып тасталды.

Бекежан Күнтаев, Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасы әкімшілік кедергілерді азайту бөлімі басшысы:

Жекеменшік балабақшалар мен мектептер, әлеуметтік қызмет түрлерін ұсынатын салалар маңдайшадағы жазу үшін салық төлеп келді. Енді «Жарнама» заңындағы жаңа өзгертулерге сай бұл кедергілер алынып тасталды. Ал жарнамалық нысандарға қатысы бар кәсіпкерліктер нысанның көлеміне қарай салық төлейді.

Айгүл ЕРМАХАН