Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Мұнай құны 60 АҚШ валютасынан көтерілмейді - сарапшылар

AstanaTV
19.04.2016ж. 20:00
1304
Мұнай құны 60 АҚШ валютасынан көтерілмейді - сарапшылар

Иран «Доха келісіміне» қосылып, мұнай өндірісін азайтқан күнде, қара алтын құны 60 АҚШ валютасынан ары көтерілмеуі мүмкін. Мұнай сервистік компаниялары одағының төралқа төрағасы Рашид Жақсылықов осылай деді. Яғни одан асып кетеді дегенге күмәнмен қарайды. Ал Қазақстан мұнай өндіруші алпауыт болмаса да, ОПЕК-тің келесі бас қосуына қатысқанын құптаймын, - дейді.

Рашид Жақсылықов, мұнай сервистік компаниялары одағының төралқа төрағасы:

Біз онсыз да азайттық өндіруді. Осы азайтқан көлемді сақтап қалу үшін және толық түсіндіру үшін. Міндетті түрде қатысу керек. Егер бізді тағы да төмендетіңдер деп, 60 млн тонна жылына өткізіңдер деп ұсыныс жасайтын болса, біз оны қолдай алмаймыз. Өйткені 20 млн біз үшін өте көп, ауыр.

Одақтың бас директоры Нұрлан Жұмағұловтың айтуынша, кен орындарының тиімділігін арттыруға басымдық беріліп отыр.  Сондай,ақ, Теңіз бен Қарашығанақтың кеңеюі мен Қашаған шикізатынан үміт мол. Теңіз кен орны кеңейсе, Атырау облысында 20 мың, Маңғыстау облысына 5 мың жаңа жұмыс орны ашылады деп болжайды одақ өкілдері. Дегенмен, мұнай саласында қызмет көрсететін компаниялардың қызмет көлемі 25 пайызға азайған. Бұл мұнай бағасы барреліне 51 доллар болған кезеңдегі көрсеткіш. Ал  жыл басынан бері «қара алтын» құны барреліне 40 АҚШ валютасынан аспай қалғаны белгілі.

Айгүл ӘДЕПБАЙ