Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Қызылордалық жастар көпшілікті велосипедпен жүруге шақырады

Қызылордалық жастар көпшілікті велосипедпен жүруге шақырады

Қызылордалық белсенді жастар көпшілікті велосипедпен жүруге шақырады. Осы мақсатта жасотандықтар веломарафон ұйымдастырды. Оған кәсіби велошабандоздармен бірге әуесқой спортшылар да қатысты. Шамамен 30-ға жуық қатысушы қаладағы «Сыр-Ана» монументі жанынан бастап, он бес шақырым қашықтықты велосипедпен жүріп өтті. Мақсат- салауатты өмір салтын насихаттау, әрі бос уақытты тиімді пайдалану.

Әлішер КАРДАШОВ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДАҒЫ «JAS OTAN» ЖҚ ТӨРАҒАСЫ:

Негізгі мақсат экологиялық таза велосипедті халық арасында насихаттау. Және де жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады.

Ердос АХМЕТЖАН, ВЕЛОМАРАФОНҒА ҚАТЫСУШЫ:


Велоспорттың пайдасы ол аяқ шығырын, барлық жері, адамның сүйегінің бәрі қатаяды. Жалпы, пайдалы спорт. Адамның кеудесінің барлығы ашылады.


М. Тоқтасынқызы