Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Қаратаулық мейірбикелер өздеріне тиесілі жалақыларын ала алмай жүр

AstanaTV
03.11.2020ж. 20:00
3095
Қаратаулық мейірбикелер өздеріне тиесілі жалақыларын ала алмай жүр

Жамбыл облысы Қаратау қаласы орталық ауруханасының мейірбикелері жалақыларына жыл басында қосылуы тиіс 30 пайыз қаражатты әлі күнге алмаған. Бүгін арнамызға мекеме қызметкерлері осыны айтып шағымданды. Аурухана басшылығынан талап еткенімен, әлі нәтиже жоқ дейді. Денсаулық сақтау басқармасы да жағдайды біле тұра, әрекетсіз көрінеді. Алдымен хабарласқан көрерменді  тыңдап алайық.   
Тәжігүл КЕКІЛОВА, МЕЙІРБИКЕ:

Январьда қосылады деген. Январьда кіші мейірбекелерге айлық қосылған жоқ. Сосын бізге июльде деді. Июльде тағы қосылған жоқ. Сосын жақында тағы сұрасақ, әлі болмай жатыр. Ештеңе болмай жатыр дейді. Сонда бұл қалай болады? Барлық жерде қосылды емес па?

Оксана ПЕТЕРС, ЖҮРГІЗУШІ:

Мән-жайды анықтау үшін жамбылдық атқамінерлерге хабарластық. Дәл қазір осы сұрақ бойынша тікелей эфирде жауап беруге облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Айтымбет Байымбетов дайын екен. Айтымбет мырза, қайырлы кеш! Қаратау ауруханасындағы жағдайдан хабарыңыз бар шығар. Өйткені олар талай рет шағымдарын айтып бардық деп отыр. Жыл болса аяқталып қалды. Ал мейірбикелер әлі күнге дейін уәде етілген еңбекақысын алмапты. Бұған не дейсіз?

Оксана ПЕТЕРС, ЖҮРГІЗУШІ:

Міне, көріп тұрғандарыңыздай, жауапты өкіл телефон тұтқасын алмай отыр. Бір рет емес, бірнеше рет хабарласқан болатынбыз. Эфир алдында қоңырау шалғанымызда жауап беруге дайын еді. Ал енді қашып отырғандарына қарағанда бір үлкен шикілік бар сияқты. Ал біз бұл жағдайды өз тарапымыздан бақылау ұстайтын боламыз. Міндетті түрде қайта ораламыз.
Қымбатты көрермен, егер сізді де алаңдатқан жайт болса, экранда көрсетілген байланыс нөміріне хабарласып, видео немесе аудио жолдауыңызға болады. Біз Сізбен бірге тікелей эфирде жауабын іздеп, мәселенін шешілуіне көмек көрсетеміз.

А. Мүтәлі