Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Жалғыз мұғалімі, 6 оқушысы бар мектеп

AstanaTV
04.11.2020ж. 20:00
3391
Жалғыз мұғалімі, 6 оқушысы бар мектеп

Естімеген ел де көп. Қызылорда облысында барлық пәннен беретін жалғыз мұғалімі бар, мектеп бар. Ол ол ма, төрт сынып бір кабинетте оқып отыр. Гигант ауылдық округіне қарасты Ақтам елді-мекеніндегі бастауыш мектепте бар-жоғы 6 оқушы бар. Жалғыз ұстаз, жұмысының машақымен бөлісті.

Сандуғаш КЕРШЕБАЕВА, АҚТАМ БАСТАУЫШ МЕКТЕБІНІҢ МҰҒАЛІМІ:

Қиындығы, бір сыныпта 1-ден 4-ке дейінгі сыныптар отырады. Қырық минутта бүкіл төрт сыныпқа сабақты сұрап та түсіндіріп те үлгеруім керек. Негізгі пәннен беремін, қазақ тілі, әдебиеттік оқу, математика, орыс тілі, музыка.

Шиелі ауданынан 15 шақырым қашықтықта жатқан бұл елді-мекенде 50-ден аса тұрғын бар. Негізінен мал шарушылығымен күнелтіп отырған ауыл. Мұндағы білім ордасының салынғанына отыз жылдан асқан. Мұнда балалар бесінші сыныпқа дейін оқиды. Бірақ оқушыларға білім алуға жайлы жағдай қарастырылмаған. Аудандық білім бөлімі аталған мектепті тексеруге уәде етті.  

Дәурен НӘСІБЕКОВ, ШИЕЛІ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Алты балаға 4 қызметкер жұмыс жасап, білім беруде. 20 орынға арналған мектеп, 87 жылы пайдалануға берілген. Қазіргі уақытта күрделі жөндеуді қажет етеді. Оның бір кемшілік тұсы, спорттық алаң, осындай мәселе қарастырылмаған.


 М. Тоқтасынқызы