Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Келер жылдан бастап зейнетақы қорындағы қаржының бір бөлігін пайдалануға болады

Келер жылдан бастап зейнетақы қорындағы қаржының бір бөлігін пайдалануға болады

Қоғамда қызу талқыланған зейнетақы қорына қатысты заң жобасы бүгін мәжілісте мақұлданды. Жаңа құжатты сенаторлар да қолдайтын болса, келесі жылдан бастап ел тұрғындары жинақтағы қаржысының бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға я болмаса емделуге жұмсай алады. Еңбек және халық әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов  мұндай мүмкіндік 700 мыңнан астам адамға бұйыратынын айтты. Қазақстандықтар жалпы соммасы 1 триллион 400 миллиард теңгені жұмсай алады, деді вице-министр. Айта өтейік, соңғы дерекке сүйенсек, елдегі 10 млн 800 мың азаматтың шотында зейнетақы жинағы бар. Алайда, соның 6 млн-ға жуығының жинағы 500 мың теңгеге де жетпейді. Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин қоғамда қарама-қайшылық тудырған заң жобасын халыққа барынша дұрыс жеткізуді тапсырды.

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Зейнетақы жинақтарын пайдалану тетігі қолжетімді әрі түсінікті болуға тиіс. Алдағы уақытта мемлекеттік органдар осы талаптардың жүйелі іске асырылуын қамтасыз етуі керек. 


А. Мүтәлі