Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Жамбыл облысында бір отбасы газдан уланып қалды

AstanaTV
04.11.2020ж. 20:00
1051
Жамбыл облысында бір отбасы газдан уланып қалды

Жамбыл облысы Меркі ауданында 5 адам табиғи газдан уланып, екеуі қайтыс болды. Жергілікті төтенше жағдай мамандарының мәліметінше, қаза болғанның біреуі сол үйдің иесі - 32 жасар келіншек. Екіншісі оның 63 жастағы анасы көрінеді. Үш адам шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Олар марқұм болған келіншектің: әпкесі, күйеуі және 7 жастағы баласы. Ересектер осы уақытта ем қабылдап жатыр. Ал, бала көпбейінді балалар ауруханасына ауыстырылған.

Райымбек НҰРЖАНОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ МЕРКІ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

Екі науқас реанимацияға түскен бізге, екеуінің де жағдайы жақсарып қазір неврология бөлімінде ем алып жатыр. Баланың жағдайы ауыр еді, кома жағдайында түсті ауыр болып. Баланы есіне келтіріп одан кейін барып облыстық санавиация арқылы балалар реаниматологын шақыртқанбыз. Транспортальный болғаннан кейін баланы облыстағы көпбейінді балалар ауруханасына алып кетті.


Алдын ала мәліметтерге қарағанда. Иіс табиғи газ-пешінің мұржасынан шыққан. Мамандардың айтуынша, ол ережеге сай орнатылмапты. Қалай болғанымен мән-жайын арнайы комиссия анықтайды.

А. Данияр