Пандемия басталғанда талай елдің абдырап қалғаны рас. Қытайлық індет әсіресе әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға ауыр тиді. Оларға қол ұшын созып, барынша көмек көрсеткісі келген ағайын аз болмады. Медициналық бетперде, азық-түлік себеті үлестірілді. Осы игі істің басы қасында ерікті жастар жүргенін білеміз. Волонтерлар не көріп білді? Бұл сұраққа жауапты Алматыда өткен «Biz birgemiz» фотокөрмесінен көруге болады. Онда карантин кезіндегі жастардың жұмысы жан-жақты көрсетілген. «Jas Otan» жастар қанатының мұрындық болуымен өткен көрмеге Алматыдағы 20 аса волонтерлық ұйым жұмыстары қойылды.
Мәди АХМЕТОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ «JAS OTAN» ЖҚ ТӨРАҒАСЫ:
Волонтерлардың жұмысын дәріптеу, еңбегін көрсету, соны халыққа таныстыру, кішігірім рахмет білдіру біздің ең басты мақсат осы. Фотокөрмеде нақты «Я Алматинец» ұйымы, «ЛидерКз» ұйымы, «Алматы волонтер» ұйымы, «Лига Волонтеров», «Медицина жастары» қозғалысы осы жерде өздерінің еңбектерін көрсетіп отыр.
Ә. Лесбек