Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

ҚР Парламенті Мәжілісі Сайлауына 6 партия түседі

AstanaTV
05.11.2020ж. 20:00
2023
ҚР Парламенті Мәжілісі Сайлауына 6 партия түседі

Алдағы Мәжіліс Сайлауына барлық алты партия түсетін болды. Орталық сайлау комиссиясы отырысында бүгін осындай шешім қабылданды. Партиялар, төменгі палата депутаттығына үміткер әр кандидат үшін 637 мың теңгеден жарна төлейді. Ал, Мәслихат Сайлауына 14 облыста өкілдіктері бар 5 партия ғана қатысуы мүмкін. Өйткені, "Бірлік" партиясының Түркістан облысы мен Шымкентте филиалдары жоқ көрінеді. Алайда, саяси ұйымға мүмкіндік беріліп отыр. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашевтің айтуынша, Мәслихатқа үміткерлер тізімі қарашаның 10-ы мен желтоқсанның 4-не дейін қабылданады. Яғни, "Бірлік" партиясы оған дейін өкілдігін ашып үлгеруі керек. Ал, Мәжіліс сайлауына кандидаттар тізімі, қарашаның 10-на 30-на дейін қабылданды.

Берік ИМАШЕВ, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Кандидаттарды ұсыну жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу кезеңінде жауапкершілік іс-шараларды ұйымдастырушыларға жүктеледі. Сондай-ақ аумақтық сайлау комиссияларының партиялық тізімдерді тіркеуді жүргізу кезеңінде барлық денсаулық сақтау шаралары сақталуы керек екеніне назарларыңызды аударамын.


Ә. Өмірзақ