$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Павлодарда карьерге «КамАЗ» жүк көлігі құлап, 2 адам мерт болды

AstanaTV
06.11.2020ж. 20:00
2236
Павлодарда карьерге «КамАЗ» жүк көлігі құлап, 2 адам мерт болды

Павлодарда «КамАЗ» автокөлігі карьерге құлап, 2 адам мерт болды. Қайғылы оқиға екі күн бұрын түнгі уақытта болған. Полиция департаментінің хабарлауынша, жүк көлігі карьерге құм алуға барған. Жүргізуші артқа берген кезде көлік, тереңдігі 6-7 метрлік шұқырға түсіп кеткен. 59 жасар көлік жүргізушісі мен қасында отырған жолаушы оқиға орнында қаза тапты.

Жанна БІЛӘЛОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:


Жол көлік оқиғасынан «КамАЗ» автокөлігінің жүргізушісі және жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Сот медициналық сараптама жасалды. Тексеру жүргізіліп жатыр.

Бұл жазатайым жағдайды аймақтық еңбек басқармасы да өз бақылауына алды. Басты сұрақ түннің ортасында жұмысшылар карьерге неге барған? Жұмыс беруші көліктің жоғалғанын ертесіне бірақ біліпті. Оның арызы полицияда тіркелген. Ал, жарда аударылып жатқан КамАЗ-ды жергілікті тұрғындар көріп қалыпты. Ашық жатқан карьердің иесі кім екені әзірге белгісіз.

Абылай САБЫРОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ЕҢБЕК БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Қазіргі кезде  жұмыс беруші еңбек басқармасына жазатайым оқиға туралы хабарлама жіберіп отыр. Қазір барлық мән-жай нақтылап қарастырылып жатыр. Оны анықтаған соң, біз тергеу жүргізілетінін, жүргізілмейтінін анықтаймыз.


Ө. Қуанар