Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Наркологиялық диспансердің қызметкеріне қатысты сот басталды

AstanaTV
06.11.2020ж. 20:00
1991
Наркологиялық диспансердің қызметкеріне қатысты сот басталды

Атырауда наркологиялық диспансердің қызметкеріне қатысты сот басталды. Ол "адам өлтірді" деп айыпталуда. Сот отырысы онлайн өтті, айыпталушы 24 жастағы санитар-жолдаушы Дәурен Жоламанов тергеу абақтысынан қосылды. Адвокат пен прокурор да сот залына келген жоқ. Алдын-ала тыңдау барысында сөз алған күдіктінің адвокаты Бауыржан Еңсегенов тергеу барысында түсінбестік жайттар көп екенін айтты. Мәселен, өзбек азаматының өліміне күдікті әу-баста басқа адам болған. Оның марқұммен жаға ұстасқаны анықталған деп отыр. Тергеу кезінде наркологиялық диспансерге келгенге дейін соққы алғаны да белгілі болыпты. Тіпті наркологиялық диспансердегі бейнебақылаудан алынған бейнежазбаның өшірілгені де күмән туғызды,- дейді.

Бауыржан ЕҢСЕГЕНОВ, АДВОКАТ:


Наркологиялық диспансерден Жоламановты айыптауға негіз болған бейнежазба алынады. Полиция қызметкерлері кері қайтарғанда бейнежазба өшірілген. Не себепті? Не жасағысы келген? Онымен біздің де танысуға құқымыз бар. Сотқа табысталған бейнежазбаның кейбірі монтаждалып, Жоламановты ақтайтын жерлері бар шығар, «кесіліп алып тасталды ма?» деген күмән туады. Сондықтан осы жайттарды ескере отырып, қылмыстық істі прокурорға кері қатаруды сұраймын.

Естеріңізге салайық, оқиға биыл мамырдың 17-сінде болған. Түнгі сағат 2-лер шамасында ішімдік ішкен 48 жастағы өзбек азаматын тәртіп сақшылары наркологиялық диспансерге әкеліп, 3 сағаттан соң кері алып кеткен. Ол бір тәуліктен соң қаза болған. Күдікті қазанның басынан бері тергеу абақтысында отыр.

Б. Надирқызы