Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Әуежайда мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалған ба?

AstanaTV
06.11.2020ж. 20:00
2655
Әуежайда мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалған ба?

Әуежайда мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалған ба? «Кедергісіз келешек» жобасы аясында "Nur Otan" партиясының мүшелері бүгін Назарбаев халықаралық әуежайына рейдтік тексеріс жүргізді. Олар аялдамадан бастап жолаушыларына арналған залдарды тексерді. Мұндағы жұмыстар комиссия мүшелерінің көңілінен шықты. Мысалы, "шақырту тетіктері" барлық жерге орнатылған.  

Оның көмегімен мүгедектер арбасын да сұрай алады. Ғимараттың ішінде пандустар, арнайы көтергіштер, сонымен бірге лифт түймелерінің жанында көзі нашар көретіндерге де арналған тетік бар.  Партиялықтар мұндай тексерістердіенді басқа қалаларда да жалғастырмақшы.

Юсуф КЕЛИГОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


Біз мұнда комиссиямен бірге әуежай қызметкерлерінің қателіктерін түзету үшін барғанбыз, бірақ ондай жағдайды кездестірмедік. Елордада немесе облыс және аудан орталықтарында орналасқан осындай  нысандар - мүмкіндігі шектеулі жандардың кедергісіз емін еркін жүруіне жағдай жасау керек. Олар да сау адамдармен бірдей қызмет алуы тиіс.

Ә. Өмірзақ