Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

«Nur Otan» партиясының кезектен тыс конференциясына делегаттар ұсынды

AstanaTV
09.11.2020ж. 20:00
2462
«Nur Otan» партиясының кезектен тыс конференциясына делегаттар ұсынды

Аймақтарда қордаланып қалған күрделі мәселелерді қалай шешуге болады? Бұл сұрақ «Nur Otan» партиясын қызықтырды. Саяси ұйымның өңірлердегі бастауыш ұйымдары ертеңнен бастап кезектен тыс конференция өткізбек. Мақсат өзекті мәселелерді көтеріп, шешімін табу.

«Nur Otan» партиясының Алматы қалалық конференциясына 500 делегат қатыспақ. Делегаттар тізімі аудандық онлайн басқосуларда белгіленді. Праймериз кезінде көзге түскен кандидаттар осы жолы да әр түрлі сала мәселелерін көтермек.

Серік ШАҒЫРОВ, «АЛМАТЫ СУ ХОЛДИНГІ» АҚ БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Бүгінге кездесулердің басты мақсаттарының бірі – бастауыш партия өкілдері халықтың негізгі мәселесін қозғап, шешу жолын ұсынуда. Біз қажетті ұсыныстарды праймеризге қатысып, көш бастаған кандидаттар арқылы жүзеге асырамыз. Олар бұл мәселелерді алдағы уақытта күн тәртібінде ұстайды.

Ал, Қызылордада кезектен тыс конференция қарашаның 16-на жоспарланған. Оған 90 делегат ұсынылды. Кандидаттар тізімі аймақта өткен бірнеше жиын барысында анықталды.

Ғани САРДАРБЕКОВ, «Nur Otan» партиясы «ТАСБӨГЕТ» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:


6 топтан біріктірілген 319 партия мүшесі бар. Партия мүшелерінің ұсыныстары бойынша, делегат ретінде партия мүшесі ұсынылып барлығы қолдау білдірілді. Жалпы бастауыш партия ұйымдарына бүгінгі таңда жоғарғы деңгейде қолдау көрсетіліп келе жатыр.


400-ге жуық мүшесі бар Павлодар қаласының трамвай басқармасы «Nur Otan» партиясының конференциясына 2 делегатты бекітті. Конференцияға қатысатындар онлайн дауыс беру арқылы анықталып отыр. Негізі Ертіс өңірінде «Nur Otan» партиясының 237 бастауыш ұйымы бар.

Мүслім МАХМУДОВ, «ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТРАМВАЙ БАСҚАРМАСЫ» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

11-қарашада «Nur Otan» партиясы Павлодар қалалық филиалының кезектен тыс конференциясы өтеді. Біз бүгін соған орай арнайы жиналыс өткізіп, өз делегаттарымызды анықтадық.

Делегаттар тізімі Жамбылда да анықталды. «Таразкоммуналкөлік» бастауыш партия ұйымының отырысында 57 партия мүшесі, дауыс беру арқылы 1 делегатты сайлады. Жалпы облыс бойынша конференцияға 123 делегат қатыспақ.

Бекбол МАЙМЫШЕВ, «ТАРАЗКОММУНАЛКӨЛІК» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:


Отырыста өкілеттілік нормаға сәйкес, колледжімізден яғни бастауыш партия ұйымымыздан бір делегат сайлап отырмыз. Алдағы өтетін саяси науқанда біздің Нұр Отан партиясы мықты лидерлерімен басым көпшілік дауыспен алады деп сенеміз.

«Nur Otan» партиясының аймақтық конференциясы қарашаның 10-17-сы аралығында өткізіледі. Оған барлық бастауыш партия ұйымдары өкілдері қатысуы тиіс. Конференцияның өзі әлеуметтік желілер арқылы онлайн форматта көрсетіледі.

А. Кемелжан, М. Тоқтасынқызы, Ө. Қуанар, Б. Жұмабайұлы