Бала-бақша медбикесі жыл басында қосылған 30 пайыздық үстемақысын ала алмай отыр. Бүгін арнамызға хабарласқан Түркістан облысы Жартытөбе ауылының бөбекжай қызметкері осылай деп шағымданды. Бір қызығы, медбике қосымша ақыны осы күнге дейін еш қиындықсыз алып келген. Алайда, жуырда ол төлем тоқтап қалыпты. Өйткені, жергілікті әкімдік солай шешкен. Тыңдап көрейік.
Роза ЕРМЕКБАЕВА, БАЛА-БАҚША МЕДБИКЕСІ:
Аяқ астынан заң өзгеріп кетпейтін да. 2020 әлі біткен жоқ қой. Неге басқа медбикелер алады. Неге мен алмаймын? Бізде біраз медбикелер алады. Неге менікін өйтіп жатырсыздар десем, міне қысқарады. Міне осындай бұйрық келді деп бұйрықты көрсетіп жатыр. +Былай қарап тұрсам, 20 мың ақшамды қысқартып отыр менің.
Әмина ЖҰМАМҰРАТ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:
Мәселенің ақ-қарасын анықтау үшін түркістандық ақ жағалыларға хабарластық. Дәл қазір осы сұрақ бойынша тікелей байланысқа Созақ ауданы, білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Мамырхан Әбдиев шыққалы тұр. Мамырхан мырза, Қайырлы кеш! Медбикенің шағымын естідіңіз. Аудан әкімдігі "аяқ астынан заң шығарғыш болып қалды", дейді. Бұл қайдан шыққан бұйрық?
Мамырхан ӘБДИЕВ, СОЗАҚ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
Аудан әкімдігінің тарапынан ешқандай бұйрық шыққан жоқ. Бұл өзі өздеріңіз білесіздер жылдың басында ҚР үкіметінің қаулысы шыққан. Педагогтар мен олаоға теңестірілген тұлғалардың еңбекақысын 25 пайызға көбейту жөнінде. Ал 2019 жылдың соңында педагог мәртебесі туралы заң шықты да, мінекей осы заң бойынша педагогқа және оларға теңестірілген тұлғаларға кімдер жататынын, сол заңда айқын көрсетілген. Бұл кісінің жалақысын, бала-бақша мекемесінің есепшісі білмегендіктен, бұл кісіге 25 пайыз жалақысын көбейтін жіберген.
Әмина ЖҰМАМҰРАТ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:
Сонда мұнда бюрократиялық қателік кетіп тұр ғой. Бұл дегеніміз сіздер мемлекеттің қаржысын жарты жылдан астам уақыт дұрыс жұмсамағансыздар деген сөз. Енді бұған кім жауап береді?
Мамырхан ӘБДИЕВ, СОЗАҚ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
Бұл мекеме бұған дейін Жартытөбе әкімшілігіне қарасты болған. Кейін білім бөліміне өтті. Содан кейін біз осы кемшілікті анықтап, сонымен мейірбикелерге қосымша жалақы төлеуге міндетті.
Әмина ЖҰМАМҰРАТ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:
Төленіп келген үстем ақыны сонда медбикеден өндіріп аласыздар ма? Ол кісі сіздердің қателіктеріңізден не үшін жапа шегуі тиіс?
Мамырхан ӘБДИЕВ, СОЗАҚ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
Бұл енді жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы мәселе ғой. Оны еңбек кодексіне сәйкес.
Әмина ЖҰМАМҰРАТ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:
Жақсы. Рақмет! Бала-бақша медбикелері жергілікті биліктің қағазбастылығынан жапа шекпейді деп сенеміз. Ал біз бұл мәселе өз шешімін тақпқанша, бақылауда ұстайтын боламыз. Құрметті көрермен, егер сізді де алаңдатқан мәселе болса, экранда көрсетілген байланыс нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз. Төтенше жағдай мен түрлі заңсыз әрекеттердің куәсі болсаңыз, аудио немесе видео жолауыңызға болады. Біз сізбен бірге тікелей эфирге ақиқатын іздейтін боламыз.
А. Мүтәлі