$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында құстар белгісіз себеппен қырылып жатыр

AstanaTV
12.11.2020ж. 20:00
3229
Түркістан облысы Қазығұрт ауданында құстар белгісіз себеппен қырылып жатыр

Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданында 200-ге жуық құс қырылып қалған. Редакциямызға хабарласқан Рабат ауылының тұрғындары ветеринарлардың жауапсыздығына шағымданды. Айтуларынша, белгісіз аурудан қырылған құс тек, бұл ауылда ғана емес, тағы бірнеше елді-мекенде анықталыпты. Алайда, халық орталықтағы инспекцияға қанша хабарлассақ та, ешқандай тексеріс жүргізілмеді деп отыр. Қолдағы «құсынан» айрылып қалған жұрт, қанаттылардың қандай дертен қырылып жатқанын білмей дал.

Рабиға БАЙАРЫСТАНОВА, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Ветеринарларға тіркеліп қойғанбыз. Сұрасақ, вакцинация жетпей жатыр дейді. Не телефондарын да алмайды.

Дәл қазір осы мәселеге жауапты облыстық ветеринариялық инспекция мамандарымен хабарласып көрейік. Бізбен тікелей байланысқа Түркістан облысы аумақтық ветеринариялық бақылау комитетінің басшысы міндетін атқарушы Сауытбек Кенжебеков шығып отыр екен. Сауытбек мырза, қайырлы кеш! Тұрғындар қанша рет хабарлассқа та жуап бермеді деп отыр. Неліктен олардың арыздары жауапсыз қалды? Құстар неліктен қырылып жатыр? Бұған дейін облыста құс тұмауы тіркелмеген деп есеп бердіңіздер, бұл қалай болғаны?

Сауытбек КЕНЖЕБЕКОВ, ҚР АШМ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АУМАҚТЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Иә, біздің облыста құс тұмауы тіркелмегені рас. Алайда, түрлі себептермен 2 мыңнан астам құс қырылған. Бірақ құс тұмауының бұған қатысы жоқ Сынамалар теріс нәтиже көрсеткен.

Жақсы, барлық сынамалар теріс нәтиже көрсетті делік. Сонда жаңағы қырылған құстар қандай аурудан өлді? Хабарласқан тұрғындарға барып, нақты сынамалар жүргізе аласыздар ма?

Сауытбек КЕНЖЕБЕКОВ, ҚР АШМ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АУМАҚТЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:


Иә, бүгін бұл айтылғандарды ескере отырып, алдағы күндері сынама жүргізетін боламыз.

Сұхбатыңызға рақмет! Сөзіңізге сенейік. Арна тілшілері мәселе шешілгенше мекеме қызметкерлерімен байланыста болады. Қымбатты көрермен, сізді де толғандырған өзекті проблема болса экранда көрсетілген байланыс нөміріне хабарласуыңызға болады. Біз сізбен бірге тікелей эфирде жауабын іздейміз.

Ғ.Өтемісов