Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қазақстанға кіре алмай, қырғыздың жүк көліктері шекарада кептеліп тұр

AstanaTV
13.11.2020ж. 20:00
1912
Қазақстанға кіре алмай, қырғыздың жүк көліктері шекарада кептеліп тұр

Қазақ-қырғыз шекарасында жүк көліктерінің кептелісі пайда болғанына бүгін 2-ші күн. Қазақстанға кіре-берісте 300-ге жуық автокөлік қаңтарылып тұр.

Бұл бейнежазбаны кептелісте тұрған жүргізушілердің бірі түсірген. Айтуларынша шетелдік жолаушылардан ПТР анықтамасының қорытындысы талап етілуде. Егер қырғыз көлік жүргізушілері Қазақстанда қалатын болса, онда тест тапсыруға міндеттелуде. Ал транзиттік тасымал болса, тек дене қызуын тексеріп, жолға салып жатыр.

Бейқұт ЖАМАНГӨЗОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ҚОРДАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Қарасу өткізу бекетіне аудан әкімдігі тарапынан тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Бүгінгі күні кептеліс, басқа да заңсыздықтар тіркелген жоқ.

Ал, қазақстандық жүк көліктері, керісінше Ресейге өте алмай тұр. Атырау облысының «Қараөзек» бақылау-өткізу бекетінде де, олардан "короновирус жоқ" деген анықтама талап етуде. Алайда олардың көпшілігінде ПТР сынамасы жоқ. Жағдайды реттеу үшін шекараға Атыраудан мобильді зертхана жіберілген.

Б. Жұмабайұлы