Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Түркістан облысында қаржы пирамидасын ұйымдастырған 12 күдікті ұсталды

Түркістан облысында қаржы пирамидасын ұйымдастырған 12 күдікті ұсталды

Түркістан облысында, елді алдап 1,5 млрд теңгені қалтаға басқан қаржылық пирамида белсенділері ұсталды. 1,5 мың адамды сан соқтырған 12 алаяқ осы уақытта уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр. «Indigo-24 Evolution» атауымен аты шыққан қаржылық пирамида, Жетісай, Мақтаарал, Шардара және Сарыағаш ауданы тұрғындарын "тақырға" отырғызған. "Аяқ асты байып шығамын", деген оймен олар алаяқтардың алақанына миллиондаған теңге ақша салыпты. Зардап шеккендердің алды жазда шағымдана бастаған. Ақыры полиция, алаяқтар жұмысын тоқтатып, күдіктілерді ұстады. Алайда, алданған жұрттың ақшасын кім қайтаратыны әзірге белгісіз.

Салтанат ҚАРАКӨЗОВА, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:


Бұл жайт ҚР ҚК-нің 217-бабы 3-бөлігі "Қаржылық пирамиданы құру және оған басшылық ету" бойынша тіркелді. Осы бапқа сәйкес күдікті азаматтар 5 және 10 жыл аралығында бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

А. Төребекқызы