Қылмыстық жолмен тапқан қаражатты заңдастыру үшін, трансұлттық топтар, сан-алуан түрлі айла ойлап табатын болған. Соның бірі, криптовалютаға сатылған есірткі. Трансұлттық топ шетелден әкелінген есірткі заттарын "Борат24" онлайн-дүкені арқылы биткоинге сатып, кейін оны теңгеге ауыстырып отырған. Осылайша олар екі жыл ішінде заңсыз айналымнан 2,5 млрд теңгені шығарыпты. Ұлттық қауіпсіздік комитеті ол топтың артынан түсіп 34 мүшесін тұтқындады. 8 зертхананың көзі жойылды. Олардан, жиыны 40 келі психотропты заттар мен 600 млн теңгенің 80 мың дозалық есірткісі тәркіленді. Құрықталған трансұлттық топ мүшелеріне қарсы бірнеше қылмыстық іс қозғалды, сот алды тергеу амалдары жүріп жатыр.
ҚР ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ:
Еліміздің ірі мегаполистері – Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкентке контрабандалық жолмен әкелінген 40 келі психотроптық зат алынды. Есірткі сатудан алынған ақшалай қаражатты заңдастыруды ұйымдастырған заңсыз криптоайырбастауыштар әрекетінің жолы кесілді. Бұл ретте, алынған ақшаны заңдастыру үшін көмекшілер жасаған 6 жылжымалы «майнинг ферма» анықталды.
Д. Мұхаммедкәрім