Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

«Nur Otan» партиясының Съезіне Қызылордадан 20 делегат қатысады

AstanaTV
16.11.2020ж. 20:00
1877
«Nur Otan» партиясының Съезіне Қызылордадан 20 делегат қатысады

«Nur Otan» партиясының ХХ Съезіне Қызылорда облысынан жиырма делегат қатысатын болды. Делегаттар партия филиалының кезектен тыс XXVII конференциясында анықталды. Сонымен қатар, саяси кеңес құрамына өзгерістер енгізіліп, партияның сайлауалды бағдарламасы бекітілді. Аймақ әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың айтуынша, маңызды құжаттың жобасы партияның ресми сайтында бір жарым ай бұрын жарияланған болатын. Сол аралықта мыңға жуық ұсыныс келіп түскен. Соның 83 пайызы бағдарламаға енгізіліпті. Жиын соңында мәжіліс депутаттығына үміткерлер арасында пікір-сайыс өтті. Ұсыныстарын ортаға салған қатысушыларға көпшілік оң баға берді.

Гүлшара ӘБДІҚАЛЫҚОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:


Дебатқа қатысып жатқан азаматтардың бағдарламасы кең. Біздің партияалды бағдарламасымен тұспа тұс келіп жатыр көптеген мәселелер. Әр кандидаттың өзінің қосымша ұсыныстары бар. Әрі қарай депутат болған жағдайда осы ұсыныстарды жүзеге асыратын болса, ол халық игілігіне үлкен жұмыстар болады.

Аймақтық конференцияға қатысқан 120 делегат «Праймериз» ақпараттық жүйесі арқылы өз таңдауларын жасады. Нәтижесінде, үш адам көп дауыс жинап, олар мәжілістегі партиялық тізімге үміткер ретінде Съезге жолдама алды.

М. Тоқтасынқызы