Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Алматыда экс-банкир Ж.Ертаев 11 жылға бас бостандығынан айырылды

AstanaTV
16.11.2020ж. 20:00
1416
Алматыда экс-банкир Ж.Ертаев 11 жылға бас бостандығынан айырылды

Экс-банкир Жомарт Ертаев 11 жылға сотталды. Алматыдағы Алмалы аудандық соты бүгін осындай Үкім шығарды. Сот шешіміне сәйкес, бұрынғы банкир бас бостандығынан айырылды әрі дүние мүлкі тәркіленетін болды. Сондай-ақ 10 жылға дейін банк саласында жұмыс істеу құқығынан айырылды. Еске сала кетейін, Жомарт Ертаевқа және онымен сыбайлас болған тағы 36 адамға, «RBK» банкінен 144 млрд теңге жымқырды, деп айып тағылған болатын.

Роман СЕЛИЦКИЙ, АЛМАТЫ қ. АЛМАЛЫ АУДАНДЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Жомарт Ертаев жазасын қауіпсіздігі орташа деңгейдегі түзеу колониясында өтесін. Уақыты қамауға алынған күннен бастап есептелсін. Үй қамағындағы бір күні бір күнге. Уақытша тергеу изоляторындағы бір күні бір жарым күнге сай есептелсін.

Сот процесі бір жылға жуық жүрді. Бүгінгі сот үкімі онлайн форматта оқылды. Айта кету керек, айып тағылған 37 адамның біреуі өткен жылы қаза болған. Айыптаушы прокурор оларды 8 жылдан бас бостандығынан айыруды сұрады. Жомарт Ертаевтың өзі Ресейге қашып, ақыры 2018 жылы Мәскеуден ұсталды. Банкирлерге қатысты қозғалған қылмыстық іс, 700 томнан тұрды.

А. Кемелжан