Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

«Қазақстан-2050» ЖДКК өкілдері латын әліпбиіне көшу мәселелерін талқылады

AstanaTV
19.09.2017ж. 20:00
3033
«Қазақстан-2050» ЖДКК өкілдері  латын әліпбиіне көшу мәселелерін талқылады

Латын әліпбиіне көшу - жаһандық үрдіске ілесудің жарқын көрінісі. Қостанайда «Қазақстан-2050» облыстық жалпыұлттық демократиялық күштер коалициясының өкілдері жаңа әліпбиді енгізу төңірегінде пікір алмасты. Жиынға «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы бастамашы болған. Тарихшылар қазақ жазушыларының тұңғыш шығармалары латын қарпінде жазылғанын айтты. Кириллица алфавитіне ауыспай тұрған кезде небір сүбелі дүниелердің латынша жазылғанына тоқталды. Жиынға қатысушылар арнайы комитет құрып, латын қарпіне көшу мәселесін түбегейлі зерттеу керектігін жеткізді.

Михаил Дәуенов, Қостанай облыстық демократиялық күштер коалициясының төрағасы:

Әлемнің дамыған 30 алдыңғы елінің қатарына кіру үшін, солардың тілін білуіміз керек. Әлемдегі мемлекеттердің 70 пайызы осы латын графикасында. Ағылшын тілі де осы латын әріпі негізінде жасалған.

Латын әліпбиіне көшу арқылы қазақ тілінің қолданыс аясы кеңейіп, технология тіліне айналады. Батыс Қазақстан облыстық коалициясының отырысында тіл ғалымдары осыны мәлімдеді. Ғалымдар пікірінше, латын әліпбиі арқылы ғылым мен білімге жол ашылады, ағылшын тілін үйрену жеңілдейді, әлемнің әр түкпіріндегі қазақтардың өзара түсінісуі оңайға түседі. Жиын соңында жаңа әліпбиді қабылдау үдерісіне қатысуға шақыратын Батыс Қазақстан халқына арналған Үндеу жарияланды.