Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Өндірістік тәжірибені заңмен бекіту жастардың жұмысқа тұру көрсеткішін арттырған

AstanaTV
19.09.2017ж. 20:00
1832
Өндірістік тәжірибені заңмен бекіту жастардың жұмысқа тұру көрсеткішін арттырған

Өндірістік тәжірибені заңмен бекіту жастардың жұмысқа тұру көрсеткішін едәуір арттырған. Бұл туралы Мәжілістегі «Нұр Отан» фракциясы мүшелерінің Халықтың қоныстануы мен дамуы бойынша парламентшілердің азиялық форумы төрағасы Кейзо Такемимен кездесуі барысында айтылды. Мәселен, 2014-ші жылы бакалавриаттардың 70 пайызы жұмыспен қамтылса, 2016-шы жылы бұл көрсеткіш 76,5 пайызды құраған. Әлеуметтік саясатқа зер салып, гендерлік теңдік, тұрғындардың өмір сүру ұзақтығы, жастар мәселесімен айналысатын Азиялық форум басшысы, өзара тәжірибе алмасудың пайдасы орасан, дейді. 

Кейзо Такеми, Халықтың қоныстануы мен дамуы бойынша парламентшілердің азиялық форумы төрағасы:

Ең тиімді жолды таңдап, жастар мәселесін шешу үшін әр елде өз жолымызды қалдырсақ, Азиялық форум парламентариясының халықтың қоныстануы мен дамуы бойынша мақсатының орындалғаны деп білеміз.